04 Қаз 2024

Нұрахмет Нуриев «Қазақмыс» ұжымымен кездесу өткізді

Жезқазған қаласындағы өндірістік алаңда «Қазақмыс» еңбек ұжымдарының корпорация басшылығымен жұмыс жиналысы өтті.

Балқаш және Қарағанды өндірістік алаңдарының қызметкерлері де кездесуге онлайн режимде қатысты.

Жиын «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриевтің төрағалығымен ашық диалог форматында өтті.

Image 2

Жұмыс жиналысында бірінші басшылар қызметкерлерге компанияның 9 айдағы қызметінің қорытындылары туралы толық есеп берді. Өндірістік қауіпсіздік, әлеуметтік жауапкершілік, компанияның даму жоспарлары және басқа да ағымдағы өндірістік мәселелер талқыланды.

2024 жылы «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарды, жабдықтарды жаңғырту және қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту жұмыстарын жалғастырды. Батыс Сары-Обадағы шахтада желдетпе ұңғысы сәтті іске қосылды. Жомарт кенішінде 300 орындық әкімшілік-тұрмыстық корпус пайдалануға берілді. Жезқазған байыту фабрикасында жылына 3,5 млн тонна өнім өндіретін екінші флотациялық блоктың жаңғыртылуы аяқталды. Нұрқазған кенішінде кенді жер бетіне шығару үшін ұсақтау-конвейер кешені салынды, бұл төменгі горизонттардағы қорларды қауіпсіз игеру мүмкіндігін береді. Шу ауданындағы Шатыркөл-Жайсан кластерінде жаңа байыту фабрикасы іске қосылып, қосымша жұмыс орындары ашылды.

Image 2

«Қазақмыс» тобы өз қызмет ететін аймақтардағы әлеуметтік жобаларға ерекше назар аударады. Биыл компания Ұлытау өңіріне 18,5 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады. Ауқымды әлеуметтік жобалардың бірі – Жезқазғанда 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. Спорт кешенінде бассейн, жаңа жабдықтармен және тренажерлар болады. Оның ашылуы осы жылға жоспарланған.

Сонымен қатар Ұлытау өңірінде күрес және шахмат бойынша екі спорт академиясы ашылады. Күрес академиясы 200 орындық мектеп-интернаттың ашылуын қамтиды. Жас спортшылардың тұруы мен тамақтануын «Қазақмыс» өз мойнына алады. Шахмат академиясы Қазақстандағы ең үлкен және озық академияға айналады – онда 700 бала білім ала алады.

Биыл «Қазақмыс» ұстаздардың педагогикалық трансформациясы бойынша «Ұстаз Ұлытау» білім беру жобасын жалғастыруда. Қазіргі уақытта жобаны жүзеге асыру Ұлытау, Қарағанды және Жамбыл облыстарындағы 85 мектепте жүргізілуде, бұл қазақстандық мектептердегі білім сапасын арттыруға бағытталған.

Image 2

«Қазақмыс» Қазақстан ғылымының дамуына да белсенді қатысады. Биыл Ұлытау өңірінде Орталық Азиядағы алғашқы геологиялық кластер ашылады. Ол оқу орталығын, геологиялық кітапхананы, қызметкерлерге арналған жатақхананы, ALS аналитикалық зертханасын, Қазақстандағы алғашқы геофизикалық зертхананы, кендi сақтау орнын, геологиялық мұражайды, жөндеу-механикалық цехты және басқа да объектілерді қамтиды. Геологиялық кластер құрылысы геология саласының техникалық және кадрлық ресурстарын біріктіріп, Ұлытау өңірін геологиялық қауымдастықтың орталығына айналдырады. Жобаның құны – 7 млрд теңге.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев атап өткендей, компанияның қызмет ететін өңірлерін дамыту жұмыстары жалғаса бермек.

«Қазір жасалып жатқанның бәрі – үлкен жолдың басы. Кей жерде бәрімізге сабырлық танытып, кей жерде сіздердің белсенді қолдауларыңыз қажет болады. Біз әзірлеп, енгізіп жатқан бағдарламалар ақырында әрқайсысыңыз жұмысыңызға келіп, өз үйіңіздей жайлы әрі қауіпсіз сезінуіңіз үшін жасалып жатыр», – деп түйіндеді өз ойын Нұрахмет Нуриев.

Новости по теме

Новости по теме

12 Mar 2025

Балқашта жаңа клиника: Қазақмыс қызметкерлері үшін сапалы медицинаға жасалған қадам

12 Mar 2025

Жорамалға қарсы фактілер: Қазақмыстың ресми ұстанымы

06 Mar 2025

Жезқазғанда қуаты 75 МВт бу-газ қондырғысының құрылысы басталды

06 Mar 2025

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның сирек кездесетін жер металдарының шығарылуы туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдемесі

05 Mar 2025

Қазақмыс қаза тапқан кеншілердің отбасына барлық несиесін өтеп берді

04 Mar 2025

Қазақмыс кен орындарын сатып жатқан жоқ