16 Шіл 2024

Жамбыл облысында жаңа өнеркәсіптік кешен іске қосылды

Жақында Қазақмыс кәсіпорны құрамында 19,28% мыс бар алғашқы дайын өнім - мыс концентратын шығарды. Қазіргі уақытта фабрикада дайын концентратты параллель шығарумен технологиялық процестерді реттеу бойынша одан әрі жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпорынның жобалық қуатына шығу осы жылдың қазан айының соңына дейін жоспарлануда.

Image 2

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевті Шатыркөл байыту фабрикасының техникалық мүмкіндіктерімен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев таныстырды.

«Зауытта 350-ге жуық адам жұмыс істейді. Біздің басты міндетіміз – жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту. Жамбыл облысынан жас мамандарды күтеміз. Бұл жобаның қазақстандық AAEgrineering Group компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылғанына да қуаныштымыз. Бүгінгі таңда бұл өнеркәсіп объектілерін салу бойынша ең ірі отандық EPC мердігері», - деді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев.

AAEngineering Group – 16 өңдеу зауытын салған қазақстандық компания, оның 2-і көрші елдерде. Қазір бұл компания Жамбыл облысында цианид зауытын салу жобасын жүзеге асыруға кірісті.

Шатыркөл байыту фабрикасы Шатыркөл және Жайсан кен орындарынан жылына 1,2 млн тоннаға дейін кен өңдейтін болады.

Image 2

Фабрикада технологиялық процестерді басқарудың жаңа автоматтандырылған жүйелері енгізілді, бұл өндіріс тиімділігін арттыруға және өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жоғары деңгейіне ықпал етеді.

Зауыт нысандарының құрамына ұсақтау-сұрыптау кешені, бас ғимарат, ӘТК, жатақханалар, асхана, өрт сөндіру депосы, зертхана, Жөндеу-механикалық шеберхана, қалдық қоймасы, қоймалар және т.б. кіреді. Жобаның құны және инвестициялардың жалпы көлемі – 94 млрд теңге. Оның ішінде жергілікті қамту үлесі 59% немесе 55,7 млрд теңге.

Өндіріс кезінде әлемдегі мыс кендерін байытудың ең зиянсыз технологияларының бірі – флотация қолданылады. Шаңды ұстау тиімділігі 99% болатын ультра заманауи аспирациялық жүйелердің көмегімен жүзеге асырылады. Бұдан басқа, өнімді тасымалдау көлемін азайту есебінен жолдарда шаңның айтарлықтай төмендеуі күтілуде.

Image 2

Маңызды ерекшелігі-фабриканы салу кезінде топырақтың жоғарғы құнарлы қабаттары арнайы жиналды, ал жұмыс аяқталғаннан кейін олар бұзылған жерлерді қалпына келтіруде қолданылады.

«Біз сондай-ақ өндірістің мүмкіндігінше қауіпсіз және экологиялық таза екеніне көз жеткіздік. Фабриканы салу кезінде технологиялық процестерді басқарудың жаңа автоматтандырылған жүйелері қолданылды. Заманауи жабдықтар орнатылды және әлемдегі мыс кендерін байытудың ең зиянсыз технологияларының бірі қолданылады», – деді Нұриев фабрика бойынша баспасөз турында.

Image 2

Сонымен қатар, «Қазақмыс» Жамбыл облысының әкімдігімен өңірде әлеуметтік маңызды жобаларды іске қосу туралы Меморандумға қол қойды.

Бүгінгі таңда Шу ауданында ауыз суға арналған ең терең су ұңғымасы (250 метр) бұрғыланды, көктемгі су тасқынын жою үшін су бұру траншеясы салынды, ондаған шақырым автожолдар салынды және жөнделді, Бірлік және Шоқпар кенттерінде балалар спорт алаңдары салынды, Бірлікүстем мен Қонаев ауылдарындағы жұмыстар жақын арада аяқталады.

Новости по теме

Новости по теме

15 Jan 2025

Сәтбаевта жаңартылған «Ақбота» балабақшасы ашылды

11 Jan 2025

«Қазақмыс» компаниясы өз қызметкерлерін қолдауға және оларды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған корпоративтік бастамасын 2025 жылы да жалғастыратынын қуанышпен хабарлайды.

20 Dec 2024

«Қазақмыс» корпорациясы мен жұмысшылар арасындағы келіссөздердің қорытындысы

20 Dec 2024

Жұмысшылардың үндеуіне қатысты мәлімдеме

20 Dec 2024

Шатыркөл кенішінде штаттық режимдегі жұмысы қайта қалпына келтірілді

19 Dec 2024

Келіссөздерден кейін кеніштер мен зауыттағы жұмыс қалпына келтірілді