09 Ақп 2026

Қазақмыста өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жаңартылған стратегиясы енгізілуде

2026 жылы «Қазақмыс» корпорациясында өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы жаңартылған стратегияны жүзеге асыру қолға алынады. Басшылықтың еңбек ұжымымен өткізген жұмыс кездесулерінде жаңа стратегияның негізгі бағыттары мен басымдықтары түсіндірілді.

Image 2

Жаңа стратегия қауіпсіздікті басқаруды жүйелі түрде нығайтуға, цифрлық шешімдерді дамытуға және басшылардан бастап жұмысшыларға дейінгі барлық деңгейдегі қызметкерлердің жеке жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар өндірістік тәуекелдерді азайтуға, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамытуға, жұмыскерлердің ақпараттандырылуын арттыруға және заманауи өнеркәсіптік қауіпсіздік стандартын енгізуге негізделген.

Image 2

Басты қағида – адамның өмірі мен денсаулығына ерекше басымдық беру. Компанияда кез келген өндірістік міндет өмір қауіпсіздігі мен денсаулықтан маңызды болмайтынын айрықша атап көрсетеді. Әрбір жұмыскер өзінің, әріптесінің немесе жабдықтың қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда жұмысты тоқтатуға құқылы.

Image 2

Ашықтық мәселесіне ерекше назар аударылады. Жаңартылған стратегия өндірістік нысан басшыларына жазатайым оқиғаны жасырғаны үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейді, мұның соңы тәртіптік шара қолдануға немесе еңбек шартын бұзуға дейін әкелуі мүмкін. Аталған шаралар әкімшілік қысымды төмендетуді, ашық орта қалыптастыруды және тәуекелдерді уақытында анықтауды көздейді.

Image 2

«Қазақмыс» компаниясында өндірістік үдерістің барлық қатысушыларының бірлескен, жоспарлы және жүйелі жұмысының нәтижесінде ғана жарақаттану деңгейін төмендету мүмкін екенін айтады. Жаңартылған өнеркәсіптік қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру компанияның тұрақты дамуының ажырамас бөлігі және жұмыскерлер мен өзіне қатысы бар өңірлер алдындағы жауапкершілігі ретінде қарастырылады.

Image 2

Новости по теме

Новости по теме

10 Mar 2026

«Қазақмыс» Ұлытау облысында кардиохирургияның дамуына қолдау білдіруде

10 Mar 2026

Қазақмыс Шатыркөл-Жайсаң кластеріндегі кәсіпорындардың жұмысын өзінің басқаруына алады

27 Feb 2026

Қазақмыс Қарағанды облысын дамытуға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

27 Feb 2026

«Қазақмыс» алдағы жылдарға арналған ресурстық база мен өндірістік бағдарлама әзірлеуде

26 Feb 2026

«Қазақмыс» геологиялық зерттеуді күшейтуде

25 Feb 2026

«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі