21 Нау 2024

Қош келдің, Әз-Наурыз!

Биылғы жылы «Балқаштүстімет» ӨБ қызметкерлері Наурыз мерекесін ерекше көңілді тойлады. Бірлестік әкімшілігінің жанында аппақ қардай әдемі киіз үй тігілді. Кең шаңырақ астында қонақтарды құшақ жая қабылдап, басты тағам – Наурыз-көжеден дәм татуға шақырды. Ұйымдастырушылардың және мерекені өткізуге «ат салысқан» жандардың атсалысуларының арқасында «Балқаштүстімет» ӨБ молшылықпен, ауқымды және көтеріңкі көңіл-күймен өткен мерекелік іс-шараны жоғары бағалады.

Image 2

Наурыз мейрамын тойлау таңертеңнен басталды. Ауқымды бағдарлама қызықты әрі көңілді өтті. Жиналған жұртшылыққа тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлады. Түрлі ойын-сауықтар, мерекелік конкурстарға ұласты. 

Image 2

Мереке Ұлы даланың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне қанық болды. Әрбір кәсіпорын «Қыз алып қашу», «Құдалық», «Тұсау кесу» сияқты салт-дәстүрлерді көрсетіп, арқан тартыс, асық ату, ләңгі сияқты спорт түрлерінен де жарыстар өткізілді.

Image 2

Арқан тартыстан ЖММБ жігіттері епті және мықты болып шықты. Осы спорт түрінен БТМ ӨБ басқару командасы екінші, ЭЖМБ үшінші орынға ие болды. Асық ату бойынша – бірінші орынды Айбар Әуелбек (ҚМБ), екінші орынды ЖМБ-дан Еркін Ақаев, үшінші орын ды Нұрлат Көмірбай (ЭЖМБ)еншіледі. 

Image 2

«Ләңгі» сайысында бірінші орынды Арнұр Рахымжанов (ЭЖМБ) иеленсе, екінші орынды Қанат Нұрмағамбетов (ЖММБ) еншілеп , үшінші орын Шлакоотвал цехынан Айдос Сүлейменовке бұйырды. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтар, ал спорттық шараға қатысқан барлық қатысушыларға “Қазақмыс” логотипі бар жұбаныш сыйлықтары табыс етілді.

Image 2

Бұл күні жиналғандар мен қонақтардың барлығына наурыз-көже, ыстық бауырсақ пен шелпектер ұсынылды.

Ляззат Смағұлова

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

04 Nov 2025

Қазақмыста өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін жаһандық талдау басталды

28 Oct 2025

Селенді қайта өңдеу технологиясы мемлекеттік сыйлыққа ие болды

23 Oct 2025

«Жыланды» кеніші қалай өзгереді?

22 Oct 2025

SENIM — сенің дауысың маңызды!

22 Oct 2025

Балқашта мың жарымнан астам ағаш пен бұта отырғызылды

17 Oct 2025

«Қазақмыс» жұмыскері «Қайырымдылық үшін» төсбелгісімен марапатталды