20 Нау 2024

СӘНДІ ӘРІ ЖҮЛДЕГЕ ЛАЙЫҚТЫ

Наурыз мейрамы қарсаңында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Қарағандытүстімет» ӨБ басқармасының қызметкерлері «Кәсіпқорған» кәсіподақ ұйымының жүлдесі үшін ұлттық киімдер байқауына қатысты.

Өте ауқымды өткен бұл байқауда қызметкерлер камзолдардағы, шапандар мен көкірекшелердегі күрделі кестелер мен талғампаз кулондарды, бас киімдер мен шілтерді барша қатысушылар назарына ұсынды.

Байқау - барлық қатысушылар мен олардың әріптестерін мерекелік дастарханға жинап, қорытындыланды. ҚТМ ӨБ бас директоры Қайрат Шалмағамбетов барлығын келе жатқан мерекемен құттықтап, үздік ұлттық киімдерге сыйлықтар табыс етті.

Ерлер мен әйелдердің киімдері бөлек бағаланғандықтан, жүлделер жұппен берілді. Бірінші орынды Аида Усманова мен Мұхтар Қошанов жеңіп алды. Қорлан Нұрғалиева мен Жандос Қаденов екінші орынды иеленсе, үшінші орын Жанна Райымжанова мен Қанат Аралбайға бұйырды.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

16 Jan 2026

Руслан Өскенәлі Жезқазған өңірінің кәсіпорындарын аралады

16 Jan 2026

Шу ауданында «Шатыркөл» каналы арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту жұмысы аяқталды

05 Jan 2026

Руслан Өскенәлі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы қызметіне кірісті

29 Dec 2025

Қазақмыс өндірістік және әлеуметтік қызметінің қорытындысын шығарды

10 Dec 2025

Қазақмыс жаңа акционерге көшу туралы негіздемелік келісімге қол қойылғанын хабарлайды

09 Dec 2025

Қазақмыста 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды