02 Қар 2023

ЕҢБЕК МИНИСТРІ БАЛҚАШТА «ҚАЗАҚМЫС» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Балқаш байыту фабрикасында болып, онда «Қазақмыс» қызметкерлері және басшылығымен, сондай-ақ регрессиялық төлем алушылармен кездесу өткізді.

Image 2

Кездесудегі басты тақырып жаңа заң жобасын дайындауға байланысты еңбек заңнамасындағы негізгі өзгерістер болды. Жиналыс басталар алдында қатысушылар Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сонымен, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа заң жобасы, министрдің айтуынша, зиянды еңбек жағдайында жұмыс жасайтын жұмысшыларға, сондай-ақ өндірісте жарақат алғандарға әсер ететін бірнеше жаңалықтарды уәде етеді.

Екі шартқа жеткенде: 55 жасқа толғанда және жеті жыл немесе 84 ай бойы зейнетақы жарналары болған кезде, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкер арнайы кәсіптік төлем алуға құқылы болады.

Image 2

Ол төрт түрлі төлем көзі арқылы жүзеге асырылады. Бірінші төлем көзі Мемлекеттік Бюджет, бір жарым күнкөріс минимумы мөлшерінде төлем, яғни келесі жылдың бағасында 65 000т болады. Екінші төлем көзі – жұмыс беруші, ол келесі жылдың бағасымен тағы бір күнкөріс құнын немесе 43 407 теңгені қосады. Үшінші төлем көзі – өмірді сақтандыру компаниясы, ол да бір күнкөріс деңгейін төлейді. Төртінші төлем көзі – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ол зейнетақы жинақтарынан, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан және Бірыңғай зейнетақы қорына міндетті жарналардан түсетін төлемдерді толықтырады. Нәтижесінде арнайы кәсіптік төлемнің ең төменгі мөлшері шамамен бес күнкөріс минимумын құрайды, бұл 200 мың теңге көлемінде.

Image 2

Қызметкер жасына және зейнетақы жинақтарына қойылатын талаптар орындалған жағдайда, тіпті одан кейін зиянды еңбек жағдайларынан қалыпты жағдайға ауыстырылса немесе жұмыстан босатылса да, арнайы кәсіптік төлемге құқығы бар. Тек бұл жағдайда төлем екі көзден жүзеге асырылады: БЖЗҚ және мемлекеттік бюджет.

Сондай-ақ, жаңа заң жобасында 2015 жылдың бірінші қаңтарынан кейін куәландырудан өткен регрессиялық төлемдерді алушылардың мүдделері ескерілген. Оларға алушы 63 жасқа толғаннан кейін төлемдерді тоқтататын норма қолданылды. Бұл мәселе оң шешілді-төлемдер өмір бойы болады. Бұдан басқа, 2024 жылдан бастап қызметкердің өндірісте алған денсаулығына келтірілген залалды өтеу кезінде кінәсінің дәрежесі ескерілмейді.

«Жалпы алғанда, заң жобасы оңды, - деп атап өтті Светлана Жакупова, - мен әркім осы жүйеге қатыса алатыныңызды түсінгенін қалаймын»

Новости по теме

Новости по теме

21 Jan 2025

«Қазақмыс» компаниялар тобы Шығыс Жезқазған кенішінің «Анненск» шахтасында болған қайғылы оқиға туралы өкінішпен хабарлайды.

15 Jan 2025

Сәтбаевта жаңартылған «Ақбота» балабақшасы ашылды

11 Jan 2025

«Қазақмыс» компаниясы өз қызметкерлерін қолдауға және оларды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған корпоративтік бастамасын 2025 жылы да жалғастыратынын қуанышпен хабарлайды.

20 Dec 2024

«Қазақмыс» корпорациясы мен жұмысшылар арасындағы келіссөздердің қорытындысы

20 Dec 2024

Жұмысшылардың үндеуіне қатысты мәлімдеме

20 Dec 2024

Шатыркөл кенішінде штаттық режимдегі жұмысы қайта қалпына келтірілді