19 Қаз 2023

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова «Қазақмыс» ұжымымен кездесті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Жезқазғанға жұмыс сапары аясында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында 55 жастан бастап зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерге жаңа арнайы әлеуметтік төлемді енгізуге қатысты мемлекет Басшысының тапсырмасын іске асыру бойынша еңбекті қорғау мәселелері мен пысықталатын тәсілдер талқыланды.

Жұмыс жиналысына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриев және Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов қатысты.

«Қазақмыс» жұмыс ұжымымен кездесу барысында Светлана Жақыпова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа әлеуметтік төлем тағайындаудың негізгі қағидаттары, 55 жасқа толу және қызметкерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына кемінде 7 жыл аудару қағидаты белгілегенін айтты. Қазіргі уақытта ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өмірді сақтандыру компанияларымен бірлесіп қажетті есептеулер жүргізуде.

Сондай-ақ, министр Қарағандыдағы Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығына жұмыс сапарының нәтижелері туралы хабарлады. Мекемені тексергеннен кейін Светлана Жақыпова Денсаулық сақтау министрі деңгейінде орталықтың жай-күйі мәселесін көтерді. Бұл мәселе Парламентте де айтылды. Қазір институттың инфрақұрылымы мен оның жабдықтарын сәйкестендіру үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.

Өз кезегінде, «Қазақмыс» компаниялар тобы өз қызметкерлерінің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруда. Мәселен, жұмыс істемейтін мүгедектерге және мүгедектік тобынсыз, денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді алушылар болып табылатын еңбек мертігуі және/немесе кәсіптік ауруы бойынша кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айырылу белгіленген адамдарға, сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың салдарынан асыраушысынан айрылу жағдайлары бойынша төлемдерді алатын адамдарға  36 018 теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, компания мүгедектігі бар адамдарға, кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылған адамдарға, оларға қатысты зиянды өтеу бойынша төлемдер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін тоқтатылған адамдарға және өндірісте қаза тапқандардың отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламаларын іске асырады.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ұжымымен кездесуден кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы кәсіпорынның қызметімен және қызметкерлердің еңбек жағдайымен танысты. Сондай-ақ министр Светлана Жақыпова мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриев «Қолғанат Ұлытау» ҚҚ тігін цехына барды.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

19 Apr 2024

Әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына 40 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

18 Apr 2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

14 Apr 2024

«Қазақмыс» су басу аймақтарына арнайы ауыр техника жіберді

07 Apr 2024

Құрметті «Қазақмыс» Тобынын қызметкерлері!