28 Мау 2023

Журналистерді бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтаймыз

Құрметті журналистер!

Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Бүгінде біз әлемде орын алған кез келген оқиғалар санаулы минуттарда, тіпті планетаның қиыр шетінде болған жағдайларды естіп, біліп жататын таңғажайып заманда өмір сүріп жатырмыз. Ал күн сайын осы ақпараттарды жинап, қалыптастырып, өңдеп, тарататын сіздер, құрметті журналистер. Бұл қиын, жауапты және тынымсыз жұмыс сіздерді ақпараттық майданның алдыңғы қатарында тұрған заманауи қаһармандарға айналдырады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтауында: «Сіздердің объективті және сыни көзқарастарыңыз фейк пен алыпсатарлықтың таралуына сенімді тосқауыл бола алады. Сондықтан қазір кәсіби журналистиканың маңыздылығы бұрынғыдан да жоғары».

Сондай-ақ Қазақстан Президенті отандық БАҚ қазақ халқының бірлігі мен ынтымағын нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Қазақмыс компаниялар тобы диалог үшін әрқашан ашық болды және алдағы уақыттарда да ашық бола бермек. Сіздермен ынтымақтастығымыз барысында миллиондаған көрермендеріңіз бен оқырмандарыңыздың бағасын алған мыңдаған өзекті және шынайы материалдар жасалды. Тәуелсіз сыншылар да БАҚ пен Қазақмыстың бірлескен жұмысын жоғары бағалады: мысалы, биылғы жылы біздің баспасөз қызметіміз бен Atameken Business телеарнасының бірлескен жобасы – «Призвание» деректі циклі «Золотой Гефест-2023» Ұлттық салалық сыйлығын жеңіп алды

Біздің бұдан кейінгі бірлесе жасаған жұмыстарымыз әлі сан мәрте жақсы нәтижелер береді деп сенеміз және бірге бұл әлемді жарқын етеміз.

Жанқиярлық еңбектеріңіз, жоғары кәсібилік және өз істеріңізге берілгендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сіздерге шын жүректен шабыт, шығармашылық өсу, жаңа идеялар мен жобалардың сәтті жүзеге асуын тілейміз. Құттықтаймыз, құрметті журналистер!

«Kazakhmys Holding» ЖШС (Қазақмыс Холдингі) Директорлар кеңесі

Новости по теме

Новости по теме

19 Apr 2024

Әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына 40 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

18 Apr 2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

14 Apr 2024

«Қазақмыс» су басу аймақтарына арнайы ауыр техника жіберді

07 Apr 2024

Құрметті «Қазақмыс» Тобынын қызметкерлері!