18 Қар 2023

«Қазақмыс» Сәтбаевта медициналық орталық салады

Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақмыс» компаниялар тобы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумды және Сәтбаев қаласында халықтың денсаулығын нығайту және сақтау бағдарламасын іске асыру шеңберінде жаңа медициналық орталықты жобалау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Image 2

Жобаға Оңтүстік Кореядан Gachon University (Гачон университеті) мамандары және медициналық ұйымдардың құрылысы, сәулет және денсаулық сақтау басқармасы саласындағы сарапшылар тартылды.

Image 2

Шетелдік делегация «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Жезқазған қаласының медициналық орталығы, Сәтбаев қаласының клиникасы, қаланың жобалау ұйымы мен медициналық ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Сарапшылар Жезқазған қаласының қолданыстағы медициналық орталығының техникалық жабдықталуы мен жұмыс процестеріне жоғары баға беріп, Сәтбаевтағы жаңа медициналық орталықты дамыту, жобалау және пайдалану жоспарына қатысты ұсыныстар жасады.

Image 2

Сәтбаев қаласындағы медициналық орталығының құрылысын 2025 жылы бастау жоспарлануда. Бұл озық жабдықтармен жабдықталған емханасы бар заманауи медициналық орталық болады. Онда диагностика, физиотерапия кабинеттері, оңалту бөлімшесі орналасады, арнайы мамандар қабылданады. «Қазақмыс» қызметкерлері жаңа бөлімшеде профилактикалық тексеруден өте алады. Сәтбаев қаласының тұрғындары да жаңа медициналық орталықта медициналық қызметтерді ала алады.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

16 May 2025

ҚР Еңбек министрі «Қазақмыс» нысандарындағы еңбек жағдайын жақсарту шараларымен танысты

30 Apr 2025

Қазақмыс Балқаш көлін сақтау қорын іске қосады

29 Apr 2025

«JasSkills Kazakhmys 2025» чемпионатының 6 қатысушысы білім грантын иеленді

29 Apr 2025

Kazakhmys Holding жас энергетиктерге тұрғын үй салады

25 Apr 2025

Еңбек адамы және ұрпақ тәлімгері: Ғабдуманап Шаяхметов зейнетке шықты

22 Apr 2025

Қазақмыс «Таза Қазақстан» экофестивалінде экологиялық және өнеркәсіптік бастамаларын ұсынды