14 Нау 2023

Еңбекке толы өмір

Су ерітінділерінің электролиздеушісі Нұржанова Рыстыгүл Жақатайқызы «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Балқаш мыс қорыту зауытының мыс электролиздеу цехында өткерген жиырма жылын өз өміріндегі ең бақытты кезеңдер деп санайды.

Image 2

Электролиздеу цехында жұмыс істегенге дейін; Рыстыгүл Жақатайқызы  өзін әртүрлі кәсіптерде сынап көрді: күзетші,аула сыпырушы, өндірістік үй-жайларды тазалаушы және өткел бойынша кезекші болып та жұмыс істеді. Ал, 2005 жылдан бастап, ол су ерітінділерінің электролиздеушісі болып жұмыс істей бастады.

- Әрине, барлық мамандық жақсы ғой, мен осы цехқа дейін көптеген жерлерде жұмыс істеуге мәжбүр болдым, бірақта мен ештеңеге де өкінбеймін. Бұл да жақсы өмірлік тәжірибе ғой. Мен өте тамаша ұжымға түстім. Содан кейін, біздің цехта өз ісін білетін тамаша мамандар жұмыс істеді. Қазір менің жанымда тәжірибелі электролизшілер жұмыс істейді. Олар Рыскүл Түймишинова, Қаламқас Омарова, Рысбала Торшинова, Айнұр Кенжебаева, Дариға Сатпекова.  Бұл арулар, біздің бригаданың негізгі тірегі болып саналады. Ал цех ұжымына келсек - тату әрі ұйымшыл. Цехқа жас жұмысшылар келе бастағаны қуантады. Цех басшылықтары да  кілең жастар, - дейді Рыстыгүл Нұржанова.

Image 2

Еңбек  еткен жиырма жыл ішінде Рыстыгүл Жақатайқызы өндірісте көп тәжірибе жинақтады. 

- Біздің жұмысымыздың мәні мынада: біз технологиялық серия-ванналардың  астындағы электролит жиынтығын толығымен тазалап, жуамыз. Жұмыс қиын, көбінесе қолмен жасаймыз. Металлургия оқулық емес, мұнда сіз бір теориямен ғана шектелмейсіз. Бұл жерде тәжірибе,  ой жүйесі және  қырағы көз қажет. Электролиздің бір күні екіншісіне ұқсас емес, бірдей болмайды. Сіз күн сайын бір нәрсе үйренесіз, шеберлігіңізді жетілдіресіз. Бұл кәсіпте өндірістік тәртіп, ұжымшылдық пен достық қатар жүреді. Әркім өзінің нақты жұмысын жасайды, соған жауап береді. Ал нәтиже, әрине, бәріне ортақ. Бір кездері мен тәжірибелі металлургтерден осы мамандыққа жолдама алдым, ал қазір өз үйренгенімді жас мамандармен бөлісетін кез келді, - дейді біздің  кейіпкеріміз.

Image 2

Рыстыгүл Нұржанова қазір өзімен қатар жұмыс істейтін көптеген жас мамандарды тәрбиелей алатын тәлімгер. Әрине, оның өмірі зауыттың тіршілігімен шектелмейді. Ол нәзікжан ретінде бес баланы тәрбиелеп өсірген батыр ана.

Ол, жанынан мерей төгілген, ардақты  ана ғана емес, сонымен қатар  бақытты әже. Оның сегіз немересі бар, олар оны күнделікті жетістіктерімен қуантады.

Келесі, күнделікті жұмыс ауысымы аяқталды. Кетер алдында Рыстыгүл апайымыз электролиз ванналарына назар аударып, барлығының дүрыс екеніне  көз жеткізіп, тексереді. Тек учаскенің жұмысы келесі ауысымға тапсыруда олқылық жоқ екенін анықтаған соң ғана  отбасына оралады.

Рыстыгүл Нұржанова жұмыс істеген жылдар ішінде, өзінің тағдырын, қарапайым жұмысшы ретіндегі тағдырын тығыз байланыстырған сүйікті зауыттың кіре берісінен қанша мың рет мақтанышпен өткені тек өзіне ғана аян.

Ләззат Смағұлова

Новости по теме

Новости по теме

18 Nov 2024

Қазақмыс Балқаштың тұрақты экожүйесін сақтау үшін 5 млн доллар бөледі

11 Nov 2024

Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нуриев Satbayev University-ді 90 жылдығымен құттықтады

25 Oct 2024

Қазақмыстың 43 жұмыскері Республика күніне орай салалық марапатқа ие болды

16 Oct 2024

Сәтбаев қаласының жылу энергетика кәсіпорны жылыту маусымына қалай дайындалды

16 Oct 2024

Балқаш ЖЭО жылу маусымына қалай дайындалды

14 Oct 2024

Жезқазған ЖЭО жылу маусымына қалай дайындалды