22 Нау 2024

Ұлттық салт дәстүрді ұлықтаған өндіріс озаттары

1,2,3 Жезқазған байыту фабрикалары Наурыз мейрамы қарсаңында жұмыскердер арасында қазақы салт-дәстүрлерді көрсетуден сайыс өткізді. Бұл дегеніміз, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, оны келешек ұрпақ санасына сіңіру. Өндіріс өрендері де өнерден құр алақан еместіктерін қойылымдар барысында байқата білді.

Image 2

Көрісу, қыз айттыру, сырға салу, жарапазан айту, құда күту, тоқымқағар, қымызмұрындық жасау, басқа да салт - дәстүрлерді көрсеткен жұмыскерлер, жиналғандардың көңілін көтерді. Дәстүрімізді дәріптеген жұмысшылар тобы бір театр десе де болатындай.

Image 2

Сайыс барысын бақылап, баға берген қазылар алқасы бірінші орынды 1- ұнтақтау корпусы командасына берді. Бірінші орын алған командаға бригадирлер кеңесі атынан ақшалай сертификат табысталды. Екінші орынды 1,2,3 Жезқазған байыту фабрикалары, басқарма командасы еншілеп ақшалай жүлдеге ие болды. Үздік үштікті 1 - бас корпус командасы түйіндеп ақшалай сертификат қанжығалады. Бұдан бөлек ынталандыру ретінде төрт командаға ақшалай сертификаттар табыс етілді. Сайыс соңында қатысушыларға арнайы құрылған киіз үйлерде ақ дастархан жайылып,ауыз ашар берілді.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

15 Jan 2025

Сәтбаевта жаңартылған «Ақбота» балабақшасы ашылды

11 Jan 2025

«Қазақмыс» компаниясы өз қызметкерлерін қолдауға және оларды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған корпоративтік бастамасын 2025 жылы да жалғастыратынын қуанышпен хабарлайды.

20 Dec 2024

«Қазақмыс» корпорациясы мен жұмысшылар арасындағы келіссөздердің қорытындысы

20 Dec 2024

Жұмысшылардың үндеуіне қатысты мәлімдеме

20 Dec 2024

Шатыркөл кенішінде штаттық режимдегі жұмысы қайта қалпына келтірілді

19 Dec 2024

Келіссөздерден кейін кеніштер мен зауыттағы жұмыс қалпына келтірілді