09 Ақп 2023

«Қазақмыс» Көксай және Айдарлы кен орындарын игеруге 2 трлн теңгеден астам инвестиция салады

Жобалар шамамен 2,6 мың жаңа жұмыс орнын құруды көздейді. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Көксай (Жетісу облысы) және Айдарлы (Абай облысы) кен орындарын игеруге салған инвестициялары 2,056 трлн теңгеге бағаланады.

Image 2

Көксай кен орнын игеру еншілес «Шоғырландырылған құрылыс тау-кен компаниясы» ЖШС болып табылады. Алдын ала бағалаулар бойынша Көксай кен орнының болжамды пайдалану ресурстары 823,7 млн тонна кенді құрайды, оның ішінде мыс – 3,5 млн тонна, орташа құрамы 0,42%, 63,7 тонна алтын және 865 тонна күміс. Мыс құрамының төмендігін ескере отырып, кен орнын игеру үшін қуаттылығы жылына 50 млн тонна кен өңдейтін тау-кен байыту комбинатын  салу жоспарлануда. Кәсіпорында 1,3 мыңға жуық заманауи жұмыс орны құрылады. Жобаға салынған инвестициялар 976 млрд теңгеге бағаланады. Өндірісті іске қосу 2026 жылға жоспарланған.

Айдарлы кен орнын игеру операторы «Қазақмыс» корпорациясына кіретін «AidarlyProject» АҚ болып табылады. Алдын ала бағалаулар бойынша, Айдарлы кен орнының қоры шамамен 1,53 млрд тоннаны құрайды, оның ішінде мыс – 5,87 млн тонна, орташа құрамы 0,38%, 14,1 тонна алтын және 2 168 тонна күміс. Кен орнында пайдалы қазбаларды алу үшін жылына 50 млн тонна кен өндіретін Тау-кен кешенін салу жоспарлануда. Мұнда 1,3 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Жобаға инвестициялар 1,08 трлн теңгеге бағаланады. Өндірісті іске қосу 2027 жылға жоспарланған.

Image 2

– Инвестициялық жобалардың ауқымын, мыс құрамының төмендігімен сипатталатын шикізат базасының ерекшеліктерін, сондай-ақ болашақ өндірістердің экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздігіне қойылатын жоғары талаптарды ескере отырып, «Қазақмыс» кәсіпорындарды жобалауға жетекші қазақстандық ғылыми және іздестіру ұйымдарын, сондай-ақ саланың табысты халықаралық тәжірибелі  кеңесшілерін тартты. Олардың қатарында Ресейдегі Томинск және Михеев кен орындарында кенде пайдалы қазбалары аз кен орындарын игеруде оң тәжірибесі  қалыптасқан «Русская медь компаниясы» тобы бар,  – деді  «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриев.

Image 2

Көксай және Айдарлы кен орындарын игеру жөніндегі инвестициялық жобалардың республикалық маңызы зор. Оларды іске асыру Жетісу және Абай  облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ осы өңірлердегі халықтың  әл-ауқатының өсуіне ықпал ететін болады. Алдын ала бағалаулар бойынша жобаларды іске асыру кезеңінде барлық деңгейдегі бюджеттерге кәсіпорындардың жиынтық салық аударымдары 3,3 трлн теңгеден асады.

Новости по теме

Новости по теме

10 Sep 2024

«Қазақмыс», ERG және «Қазцинк» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

02 Aug 2024

Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы ғылыми шешімдер: Қазақмыс өндірістің тиімділігі үшін жаңа жүйелерді қалай енгізіп жатыр

01 Aug 2024

Қазақмыс қызметкерлері шығынсыз өндіріс әдістемесін үйренді

24 Jul 2024

Қазақмыс отандық жеке қорғаныс құралдары өндірушісін қолдады

16 Jul 2024

Жамбыл облысында жаңа өнеркәсіптік кешен іске қосылды

05 Jul 2024

Қазақмыс басшылығы Жезқазғандағы геологиялық кластер құрылысымен танысты