28 Мау 2024

Қарағанды құю-машина жасау зауыты ТМД халықаралық сыйлығын жеңіп алды

«Қарағанды құю-машина жасау зауыты» «Өнеркәсіп өнімдерін өндіру» номинациясының лауреаты атанды. Бұл ТМД сыйлығы өнім мен қызмет сапасы саласындағы жетістіктер үшін беріледі және екі жыл сайын өткізіледі.

Image 2

Зауыт бірнеше жылда еңбек өнімділігін екі есеге жоғарылатып, қызметкерлердің жалақысын 100%-ға арттырды. Сондай-ақ зауыт қызметкерлерге және олардың отбасыларына белсенді түрде көмектеседі. Сонымен бірге кәсіпорын өз мамандарының біліктілігін ұдайы арттырып, технологиялық паркі заманауи құрал-жабдықтармен үнемі толықтырылып отырады.

Одан бөлек, KLMZ жеткізу географиясын үнемі кеңейтіп отырады және әртүрлі салаларда, соның ішінде сыртқы нарықтарда үшінші тарап тұтынушыларының үлесін ұлғайтады. Бүгінгі таңда зауыт флотациялық жабдық, ұсақтау және ұнтақтау және конвейерлік қондырғылар, сондай-ақ кәсіби жабдықтарға арналған компоненттер секілді 12 000 өнім түрін шығарады.
Зауыттың қоғамдық өмірі де қарқынды дамып келеді. Ұжымда жазғы және қысқы спорттық жарыстар, спорттық және қоғамдық шаралар өткізіледі.
«Осындай мәртебелі марапатқа ие болу біз үшін үлкен мәртебе. Бұл жетістікке біздің барлық қызметкерлеріміздің қажырлы еңбегі, процесті үздіксіз жетілдіру және жоғары сапа стандарттарына деген ұмтылыс арқасында қол жеткізілді. Біз өзіміздің жетекші позициямызды сақтап, өнімдеріміз бен қызметтерімізді одан әрі жақсарту үшін жұмысты жалғастырамыз», – деді KLMZ басқарма төрағасы Жанибек Байгабелов.

Байқауға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің кәсіпорындары қатысқанын айта кеткен жөн.

Новости по теме

Новости по теме

15 Jan 2025

Сәтбаевта жаңартылған «Ақбота» балабақшасы ашылды

11 Jan 2025

«Қазақмыс» компаниясы өз қызметкерлерін қолдауға және оларды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған корпоративтік бастамасын 2025 жылы да жалғастыратынын қуанышпен хабарлайды.

20 Dec 2024

«Қазақмыс» корпорациясы мен жұмысшылар арасындағы келіссөздердің қорытындысы

20 Dec 2024

Жұмысшылардың үндеуіне қатысты мәлімдеме

20 Dec 2024

Шатыркөл кенішінде штаттық режимдегі жұмысы қайта қалпына келтірілді

19 Dec 2024

Келіссөздерден кейін кеніштер мен зауыттағы жұмыс қалпына келтірілді