28 Ақп 2024

ҚАЗАҚМЫС ҚР ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Қарағанды облысы тұрғындарының ел басшылығына жасаған үндеуіне жауап.

Бұқаралық ақпараттық қоғамда, Қарағанды ​​облысының тұрғындарының Қарқаралы ауданында тәртіп орнатуды сұраған бейнеүндеу пайда болды. Айтуларынша, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС әділетсіз тендерлер өткізеді, атап айтқанда, ЖК «Қармыс» бойынша тендерлер өткізіп, басқа компанияның мүддесін лоббиллеуде.

Қазақмыс әрқашан әлеуметтік-бағдарланған компания болып табылады және солай болып қала береді. Қазақмыс өз мойнына алған кез келген міндеттемелерді орындауға асқан жауапкершілікпен қарайды, заңды және барлығына бірдей шарттар негізінде отандық өндірушілерді өз кәсіпорындары бар аймақтарға тартады. Оның үстіне, компанияның сатып алу үлесі Қазақстан бойынша  жыл сайын артып келеді. 2023 жылы, тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде бұл үлес 71%-ды құрап, 2022 жылғы көрсеткіштерден 11,4%-ға асып түсті.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығымен бекітілген жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын басшылыққа алады.      

Сатып алуды ұйымдастыру, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің «NADLОC» тізімі бойынша, Мемлекеттік сауда алаңында жүзеге асырылады.

Корпорация ТЖҚ сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы, әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестік, қазақстандық ТЖҚ өндірушілерін қолдау, теңдік, әділдік, әлеуетті өнім берушілерге қатысты кемсітушіліктің және бәсекелестіктің негізсіз шектеулерінің болмауы қағидаттарын ұстана отырып, барлық әлеуетті қатысушылар үшін тең құқықтар жасайды. Конкурсқа қатысушылардың барлығы, Ережеде белгіленген құжаттардың толық пакетін ұсынуға міндетті.

«Қармыс» ЖК № 355 Ереженің 41-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, құжаттардың толық пакетін ұсынбауының салдарынан конкурстық өтінімдері қабылданбады.*

Осылайша, бұл өнім беруші конкурстық құжаттаманы ұсынудағы бұзушылықтарға байланысты ғана конкурсқа жіберілмейді. Мұнда басқа себеп жоқ.

Журналистер мен БАҚ редакторларынан, сондай-ақ ,жұртшылықты тек ресми ақпаратқа сенуді және өз паблик беттерінде тексерілген деректерді жариялауды сұраймыз.

* 65-тармақтың 1-тармақшасы: Конкурстық комиссия конкурстық өтінімді қабылдамайды және әлеуетті өнім берушінің ашық конкурсқа келесі негіздер бойынша қатысуына жол бермейді:

1) конкурстық құжаттаманы және осы Қағидаларды бұза отырып, ұсынылмаған немесе ұсынылған осы Қағидалардың 41, 42 және 43-тармақтарында көрсетілген құжаттар.

Новости по теме

Новости по теме

15 Jan 2025

Сәтбаевта жаңартылған «Ақбота» балабақшасы ашылды

11 Jan 2025

«Қазақмыс» компаниясы өз қызметкерлерін қолдауға және оларды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған корпоративтік бастамасын 2025 жылы да жалғастыратынын қуанышпен хабарлайды.

20 Dec 2024

«Қазақмыс» корпорациясы мен жұмысшылар арасындағы келіссөздердің қорытындысы

20 Dec 2024

Жұмысшылардың үндеуіне қатысты мәлімдеме

20 Dec 2024

Шатыркөл кенішінде штаттық режимдегі жұмысы қайта қалпына келтірілді

19 Dec 2024

Келіссөздерден кейін кеніштер мен зауыттағы жұмыс қалпына келтірілді