05 Ақп 2026

«Қазақмыс» корпорациясы әлеуметтік саясатты жүзеге асыруды жалғастыруда

«Қазақмыс» корпорациясы өндірістік үдерістің тұрақтылығын және еңбек ұжымы алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ете отырып, жоспарлы жұмысын жалғастыруда.

2025-2029 жылдарға арналған «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен жұмыскерлері арасындағы Ұжымдық шарт аясында Корпорация биылғы ақпан айының бірінші жартысында 12,3% мөлшерінде индекстелген біржолғы төлемді төлейді. Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жариялаған 2025 жылғы ресми инфляция деңгейіне сәйкес келеді.

Сонымен қатар тоқсандық сыйақыны төлеу бойынша белгіленген тәртіп сақталады.

«Қазақмыс» корпорациясы әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға, жұмыскерлердің қорғалу деңгейін арттыруға және лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Қызметкерлер алдындағы міндеттемелерді орындаумен қатар Корпорация өндірістік қуатты жаңғыртуға, өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға және Топ құрамындағы кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге инвестиция салуды жалғастыруда.

Новости по теме

Новости по теме

10 Mar 2026

«Қазақмыс» Ұлытау облысында кардиохирургияның дамуына қолдау білдіруде

10 Mar 2026

Қазақмыс Шатыркөл-Жайсаң кластеріндегі кәсіпорындардың жұмысын өзінің басқаруына алады

27 Feb 2026

Қазақмыс Қарағанды облысын дамытуға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

27 Feb 2026

«Қазақмыс» алдағы жылдарға арналған ресурстық база мен өндірістік бағдарлама әзірлеуде

26 Feb 2026

«Қазақмыс» геологиялық зерттеуді күшейтуде

25 Feb 2026

«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі