24 Шіл 2024

Қазақмыс отандық жеке қорғаныс құралдары өндірушісін қолдады

«Қазақмыс» корпорациясының басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев Ulytau Industrial Company директоры Ерасыл Байыспен офтейк-келісімшартқа қол қойды. Компания «Қазақмыс» компаниялар Тобының қызметкерлері үшін жеке қорғаныс құралдарын өндіретін болады.

Image 2

Респиратор жеткізу бойынша ынтымақтастық басталып кетті. 2,2 млрд теңгеге 14,5 млн дана сатып алу жоспарланды. Бұл Қазақмыстың барлық өндірістік нысандарының қажеттілігін өтейді.

Отандық ЖҚҚ сапасы, техникалық жағдайы, таңбалануы мен қаптамасы халықаралық стандартқа сай.

Логистиканы қысқарту және ЖҚҚ жедел жеткізілуін қамтамасыз ету үшін Ulytau Industrial Company Жезқазғандағы цех құрылысын аяқтап жатыр. Цех тәулігіне 30 мың респиратор шығарып 40 адамды жұмыспен қамтиды.

Image 2

Қазақмыс офтейк-келісімшарт көлемін жылына 20 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда отандық әк және түсті өнім тауарын өндірушілермен келісім жасалды. Сонымен қатар Green Chemicals Kazakhstan компаниясынан құны 1,7 млрд теңгені құрайтын технологиялық химия сатып алу бойынша келісімшарт әзірленуде.

Қазақмыс ел Президентінің отандық өндірушілермен офтейк-келісімшарт жасау үлесін 10% -ға дейін ұлғайту бастамасын осылай қолдап отыр.

Новости по теме

Новости по теме

10 Mar 2026

«Қазақмыс» Ұлытау облысында кардиохирургияның дамуына қолдау білдіруде

10 Mar 2026

Қазақмыс Шатыркөл-Жайсаң кластеріндегі кәсіпорындардың жұмысын өзінің басқаруына алады

27 Feb 2026

Қазақмыс Қарағанды облысын дамытуға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

27 Feb 2026

«Қазақмыс» алдағы жылдарға арналған ресурстық база мен өндірістік бағдарлама әзірлеуде

26 Feb 2026

«Қазақмыс» геологиялық зерттеуді күшейтуде

25 Feb 2026

«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі