02 Мау 2025

Қазақмыс және Pallas Resources геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Нұржанов британиялық Pallas Resources компаниясының президенті Дэниел Риклманмен кездесті.

Image 2

Кездесу барысында ұзақ мерзімді серіктестіктің келешегі талқыланды. Дэниел Риклман Pallas Resources/Ivanhoe Mines компанияларының «Қазақмыс» корпорациясымен кең ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу аясында ынтымақтастыққа мүдделі екенін білдіріп, аталған компанияны өңірдегі негізгі әрі тәжірибелі серіктестердің бірі ретінде атап өтті.

Тараптар ынтымақтастықтың егжей-тегжейін және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылау үшін бірнеше жұмыс кездесуін өткізуді келісіп алды.  

Image 2

Келесі кездесу «Қазақмыс» компаниялар тобының өндірістік нысандарында, соның ішінде Жезқазған қаласындағы Геологиялық кластерде өтеді. Айта кетейік, жуырда Ivanhoe Mines пен Pallas Resources Қазақстан аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мақсатында бірлескен кәсіпорын құрған болатын.

«Қазақмыс» компаниялар тобында «Kazakhmys Barlau» және «Qazaq Geophysics» мамандандырылған геологиялық барлау құрылымдары жұмыс істеуде. Бұл компаниялар заманауи геологиялық барлау және жиналған деректерді талдау әдістерін пайдалана отырып, Қазақстанның минералдық-шикізат базасын кеңейту стратегиясын дәйекті түрде жүзеге асырып келеді.  

Image 2

Анықтама: Ivanhoe Mines – мыс, никель, платина және өзге де металл кен орындарын барлау, игеру және өндіруге маманданған халықаралық тау-кен компаниясы. Компания қызметі Африка мен Солтүстік-Орталық Еуропаны қамтиды.

Pallas Resources – Орталық Азиядағы болашағы зор минералдық жүйелерді іздеу және дамыту бағытында жұмыс істейтін жекеменшік британдық геологиялық барлау компаниясы.  

Новости по теме

Новости по теме

13 Feb 2026

Қазақмыс «Жомарт» және «Жыланды» кеніштерінің дамуына инвестиция салады

11 Feb 2026

«Қазақмыс» корпорациясы инженерлік білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

11 Feb 2026

Қауіпсіздік және инвестиция: «Қазақмыс» кеніштерін дамытудың жаңа стратегиясы

09 Feb 2026

Қазақмыста өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жаңартылған стратегиясы енгізілуде

05 Feb 2026

«Қазақмыс» корпорациясы әлеуметтік саясатты жүзеге асыруды жалғастыруда

04 Feb 2026

Руслан Өскенәлі Геологиялық кластер және «Жезқазған» медициналық орталығының жұмысымен танысты