26 Там 2023

Мамандыққа адалдығы үшін: Қазақмыс компанияның үздік кеншілері мен байытушыларын марапаттады

Сәтбаев қаласында академик, ғалым Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өндірісте қаза тапқан кеншілер мен өзге де өмірден озған еңбеккерлерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Image 2

Гүл шоқтарын қоюға облыс әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев, кәсіпорын басшылары, ардагерлер мен өндіріс озаттары қатысты.

Image 2

Атаулы шарадан кейін Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет үйінде Сәтбаев қаласының 50 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Мерейтойлық іс - шараның басты қонақтары аймақ пен елдің әл-ауқатының негізін қалайтын адамдар – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС тау-кен және байыту кәсіпорындарының жұмыс ұжымдарының өкілдері болды.

Image 2

Бірінші болып жиналғандарды мерекемен Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов құттықтады. Ол еңбек сіңірген кеншілерге «Еңбек ардагері», «Құрметті кенші» және «Кенші даңқы» төсбелгілерін, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамоталарын табыс етті.

Image 2

Одан кейін марапаттау рәсімін жалғастырған «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев сахнаға шығып, өңір кәсіпорындарының үздік қызметкерлеріне «Кенші даңқы» және «Еңбек даңқы» салалық төсбелгілерін, сондай-ақ компания басшылығының Құрмет грамоталарын табыс етті.

Image 2

- Құрметті кеншілер мен байытушылар, бүгін мен сіздерді осы трибунадан шын жүректен құттықтаймын, еңбектеріңіз үшін, мамандыққа адалдықтарыңыз үшін терең ризашылығымды білдіргім келеді - деді Нұрахмет Нұриев. - Баршамызға шын жүректен табыс, ең бастысы қауіпсіз жұмыс, зор денсаулық және амандық тілеймін! Қалаларымыз гүлдей берсін, дами берсін, өркендей берсін, инвестиция тартылып, жаңа жұмыс орындары құрылсын, ал халық саны арта берсін.

Марапаттау рәсімі белгілі қазақстандық әнші Айридың (Ayree) қатысуымен өткен мерекелік бағдарламамен аяқталды.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

10 Mar 2026

«Қазақмыс» Ұлытау облысында кардиохирургияның дамуына қолдау білдіруде

10 Mar 2026

Қазақмыс Шатыркөл-Жайсаң кластеріндегі кәсіпорындардың жұмысын өзінің басқаруына алады

27 Feb 2026

Қазақмыс Қарағанды облысын дамытуға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

27 Feb 2026

«Қазақмыс» алдағы жылдарға арналған ресурстық база мен өндірістік бағдарлама әзірлеуде

26 Feb 2026

«Қазақмыс» геологиялық зерттеуді күшейтуде

25 Feb 2026

«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі