17 Нау 2023

«Қазақмыс корпорациясы» мен «Әділетті жол» келісімге қол қойды

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Әділетті жол» ҚБ (Сәтбаев қ.) мүшелерімен әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас туралы келісімге қол қойды.

Келісімнің мәтініне сәйкес «Әділетті жол» ҚБ (бұдан әрі – бірлестік) мүшелері болып табылатын Қазақмыс қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларының кешенді түрлері көрсетіледі және компанияда қолданылып жүрген ұжымдық шартта көзделген жеңілдіктер беріледі, оның ішінде:

·  жұбайы немесе отбасы мүшесі қайтыс болған жағдайда қызметкерлерге орташа жалақысын сақтай отырып, әлеуметтік демалыстар беру;

·  жүкті әйелдерге арналған қосымша әлеуметтік демалыс;

·  ауыр және зиянды өндірістерде жұмыс істейтін бірлестік мүшесі болған қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша айлық жәрдемақыға қосымша төлемдер;

·  өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан жұмыскерлердің жұбайлары үшін қызметтік тұрғын үйді меншікке өтеусіз беру;

·  салалық төсбелгілермен марапатталған бірлестік мүшелеріне біржолғы сыйақы;

·  өндірісте қаза болған бірлестік мүшелеріне, өндірістегі жазатайым оқиғадан  мүгедектігі  немесе кәсіптік ауру салдарынан еңбекке жарамсыз болғандарына моральдық зиянның орнын толтыру;

Қол қойылған келісім  шарт корпорация жұмыскерлерін  әлеуметтік қолдауға бағытталған.

Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

12 Mar 2025

Балқашта жаңа клиника: Қазақмыс қызметкерлері үшін сапалы медицинаға жасалған қадам

12 Mar 2025

Жорамалға қарсы фактілер: Қазақмыстың ресми ұстанымы

06 Mar 2025

Жезқазғанда қуаты 75 МВт бу-газ қондырғысының құрылысы басталды

06 Mar 2025

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның сирек кездесетін жер металдарының шығарылуы туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдемесі

05 Mar 2025

Қазақмыс қаза тапқан кеншілердің отбасына барлық несиесін өтеп берді

04 Mar 2025

Қазақмыс кен орындарын сатып жатқан жоқ