20 Мам 2024

Қазақмыс ESG-трансформация саласындағы жетістіктерін таныстырды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен ҚР тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі парламенттік комиссияның «ESG-трансформация: тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы бизнестің рөлі» отырысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өкілдері компанияның осы саладағы жетістіктерін таныстырды.

Тұрақты даму жөніндегі директор Сәкен Шаяхметов өз сөзінде Қазақстан Париж келісімін ратификациялаған ел ретінде парниктік газдар шығарындыларын азайтуда белсенді рөл атқаруы тиіс екенін атап өтті.

Бүгінгі жағдай көрсеткендей соңғы 10 жылда өрттен болған залал ондаған миллиард теңгеге бағаланып отырғанын, 2024 жылғы су тасқыны ел мен халық үшін орасан зор залал келтіргенін көрсетеді. Қазақмыс, KAZ Minerals, Алтын Алмас, Қаражыра және RBK Bank компанияларының топтары тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге 40 млрд теңге бөлді.

Сонымен қатар, осы бастаманы қолдау мақсатында кеншілер мен металлургтер атынан еңбек ұжымдары өз күштерімен 50 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинап, Қостанай облысы Торғай ауданының тұрғындарына жеткізілді.

Бұл деректер үнемді өндіріс пен ESG принциптерін ілгерілету қажеттілігін көрсетеді, өйткені жаһандық жылынудың әсері біздің елде байқалады.

«Қазақмыс әлеуметтік бағдарланған компания ретінде және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, бүгінгі күні өзінің даму стратегиясына ESG қағидаттарын енгізуде», - деп атап өтті Сәкен Шаяхметов.

Қазақмыс компаниялар тобы әлеуметтік бағдарламалар мен қайырымдылыққа 2007 жылдан бері 296 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Оның ішінде шамамен 115 млрд теңге соңғы 3 жылда ғана бөлінген.

Сондай-ақ, Қазақмыс компаниялар тобының мердігерлік ұйымдарын қоса алғанда, 120 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. 2023 жылы ел бюджетіне 298 млрд теңге салық төленді.

Сөз соңында Шаяхметов сенаторларға бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ескере отырып, ҚР Экологиялық кодексін теңгерімдеу, мемлекеттік қолдаудың жаңа қаржылық және қаржылық емес негіздерін енгізу және ірі компаниялар, ҮЕҰ мен халықаралық институттар арасында кооперация үшін жағдайлар жасау мәселелерін қарауды ұсынды.

Новости по теме

Новости по теме

04 Oct 2024

Нұрахмет Нуриев «Қазақмыс» ұжымымен кездесу өткізді

03 Oct 2024

Қазақмыс қайырымдылықтағы стратегиялық альянс үшін марапат алды

02 Oct 2024

Қазақмыс Балқаш көлінің экожүйесін сақтау шараларын әзірлеу үшін күшті біріктіруге шақырды  

30 Sep 2024

Satbayev University және Қазақмыс Қаныш Сәтбаевтың құрметіне кітап шығарды

29 Sep 2024

ҚҚМЖЗ базасында өткен республикалық олимпиадада Балқаштан келген студент жеңімпаз болды

26 Sep 2024

Cardiff University өкілдері геологиялық Kazakhmys Barlau кеңсесіне келді