18 Қар 2024

Қазақмыс Балқаштың тұрақты экожүйесін сақтау үшін 5 млн доллар бөледі

«Қазақмыс» корпорациясы Балқаш көлінің экожүйесін сақтау үшін 5 млн доллар бөлетінін жариялады. Бұл туралы «Қазақмыс» корпорациясының Тұрақты даму жөніндегі директоры Сәкен Шаяхметов Бакуде өткен COP29 халықаралық конференциясында айтты.

Image 2

Халықаралық конференцияда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен Қазақмыс «Балқаш көлінің су ресурстарын басқару: Халықаралық ынтымақтастық, зерттеулер және қаржыландыру» тақырыбында диалогтық сессия өткізді. Сессияға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақабаев, Ernst&Young компаниясының Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі және тұрақты даму мәселелері жөніндегі аймақтық директоры Виктор Коваленко, сондай-ақ АҚШ, Финляндия, Иран мемлекеттерінен халықаралық сарапшылар мен Азия Даму Банкі (АДБ) сынды ұйымдардың өкілдері қатысты.

Image 2

Сессияны жүргізген Сәкен Шаяхметов Балқаш көлін сақтаудың стратегиялық маңызын атап өтті. Оның айтуынша, бұл мәселе ұлттық әрі халықаралық деңгейде ерекше назарда болуы тиіс.

«Балқаштың Арал теңізінің қайғылы тағдырын қайталауына жол бермеуіміз керек. Бұл көл миллиондаған адамның өмірі, аймақтың экономикасын және ел болашағын айқындайтын маңызды жобалар үшін шешуші мәнге ие. Біз осы мақсатқа жету үшін әлемдік қауымдастықпен күш-жігерімізді біріктіруге дайынбыз», – деді С. Шаяхметов.

Image 2

Бұған дейін мамыр айында Балқаш қаласында өңірдің экологиялық мәселелерін шешуде маңызды қадам болған Су-климаттық форумы өткен болатын. Бұл мәселе COP29 конференциясында халықаралық деңгейде талқыланды. Келесі кезеңде жетекші сарапшылардың қатысуымен нақты бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Жоспарланған бастамалар аясында Қазақмыс Балқаш көлінің экожүйесін зерттеуге арналған ғылыми жобаларды дамыту және аймақтың су ресурстарын тұрақты басқару тәсілдерін енгізуге ниет білдірді. Биоалуандық пен судың сапасын бақылауға ерекше назар аударылып, экожүйедегі өзгерістерге дер кезінде жауап беру күн тәртібіне қойылады. Сондай-ақ жергілікті халықты экологиялық тұрғыда ағарту бағдарламаларын жүзеге асыру және су ресурстарын сақтау саласындағы үздік тәжірибелерді енгізу үшін халықаралық сарапшылармен және серіктестермен ынтымақтастықты дамыту жоспарлануда.

Image 2

Алдағы 5-10 жылда жүзеге асырылатын бастамалар Балқаш экожүйесінің жағдайын жақсартуға, антропогендік әсерді азайтуға, жергілікті халық пен бизнес арасында экологиялық жауапкершілікті арттыруға және Балқаш-Алакөл бассейінінің табиғи ресурстарын тұрақты басқарудың тиімді моделін құруға мүмкіндік береді.

Қазақмыс Арал теңізінің құрғауы немесе Каспий теңізінің қазіргі экологиялық қиындықтары сияқты апаттардың алдын алу үшін Балқашты сақтау аса маңызды екенін ерекше атап өтті. Ұлттық және халықаралық серіктестердің бірлескен күш-жігері көлді болашақ ұрпақ үшін өмірлік маңызы бар табиғи әрі экономикалық ресурс ретінде сақтап қалуға көмектеседі.

Image 2

Новости по теме

Новости по теме

15 Jan 2025

Сәтбаевта жаңартылған «Ақбота» балабақшасы ашылды

11 Jan 2025

«Қазақмыс» компаниясы өз қызметкерлерін қолдауға және оларды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған корпоративтік бастамасын 2025 жылы да жалғастыратынын қуанышпен хабарлайды.

20 Dec 2024

«Қазақмыс» корпорациясы мен жұмысшылар арасындағы келіссөздердің қорытындысы

20 Dec 2024

Жұмысшылардың үндеуіне қатысты мәлімдеме

20 Dec 2024

Шатыркөл кенішінде штаттық режимдегі жұмысы қайта қалпына келтірілді

19 Dec 2024

Келіссөздерден кейін кеніштер мен зауыттағы жұмыс қалпына келтірілді