21 Жел 2023

Қорытындылау жиналысы

Еңбек ұжымдарымен кездесулер қорытындысында еңбек ұжымдарында туындайтын проблемалық мәселелерді шешу бойынша жұмыс берушімен одан әрі тұрақты жұмыс істеу мақсатында әр кәсіпорын өкілдерінен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Image 2

2023 жылдың 21 желтоқсанында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС бас директоры О.В.Копытовтың төрағалығымен кезекті отырыс өтті. Компанияның Ұлытау облысындағы кәсіпорындарының жұмыс тобының және кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен, онда бұрын еңбек ұжымдары ұсынған мәселелер бойынша ақпарат берілді.

Сонымен, ағымдағы жағдай мен бұрын бұған дейін көтерілген мәселелерді орындау немесе одан әрі пысықтау мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді, оның ішінде еңбекақы, ерікті медициналық сақтандыру, тау-кен техникасына техникалық қызмет көрсету, қосалқы бөлшектерді сатып алу, жұмысқа қабылдау, ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу және басқа сұрақтар.

Image 2

Аталмыш бұл кездесулердің мақсаты-тұрақты моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында туындайтын проблемалық және қызметкерлерді толғандыратын мәселелер бойынша қабылданатын шешімдер туралы жедел қарау және хабардар ету үшін жұмыс тобының мүшелері атынан олардың өкілдері арқылы кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп, еңбек ұжымдарының мүшелерімен тұрақты кері байланысты жүзеге асыру.

Image 2

Айта кету керек, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары кездесуді ұйымдастыру және сұрақтар жинау бойынша өте үлкен жұмыс жүргізді.

Бұл кездесулер тұрақты, тоқсан сайын өткізілетін болады және тек Жезқазған өңірі бойынша ғана емес, Балқаш және Қарағанды өңірлері бойынша да өткізілетін болады.

Осыған байланысты енді еңбек ұжымдарының өкілдері өздерін толғандырған сауалдарын тиісті кәсіподақ ұйымдарының төрағалары арқылы жолдай алады.

Бұл форматтағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

04 Jul 2025

Ұлытау облысында респиратор өндіретін цех ашылды

04 Jul 2025

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары аясында Қазақмыстың өндірістік нысандарын аралады

30 Jun 2025

Қарағандыда тау-кен саласына арналған ғылыми-технологиялық орталық таныстырылды

26 Jun 2025

Ғалым Нұржанов геологтар мен маркшейдерлермен кездесу өткізді

19 Jun 2025

«Жомарт» кенішін іске қосу туралы: Нұрахмет Нуриев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлеріне үндеу жасады

16 Jun 2025

Нұрахмет Нуриев Жезқазған медициналық орталығының қызметкерлерін құттықтады