20 Жел 2024

«Қазақмыс» корпорациясы мен жұмысшылар арасындағы келіссөздердің қорытындысы

«Қазақмыс» корпорациясы жұмысшылармен жүргізген келіссөздердің аяқталғанын хабарлайды.

Тараптар екі жаққа да тиімді келісімге қол жеткізді. Жұмысшылар бұған дейін ұсынылған шарттармен келісті:

•        13 - ші жалақыға қосымша 30% сыйақы төлеу;

•        Тоқсан сайын берілетін сыйақы енгізу;

•        2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны 8,5%-ға индексациялау.

Өз кезегінде жұмысшылар Оңтүстік Жезқазған кенішінің штаттық жұмысын қалпына келтіруге дайын екендерін жеткізді. 

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев ереуілге қатысқан жұмысшыларға ешқандай шағым жоқ екенін атап өтті.

«Қазақмыс» корпорациясы барлық тарапқа ымыраға келуге бағытталған сындарлы  диалог пен күш-жігер үшін алғыс білдіреді.

Компания бұл келісім жұмысшылар мен жұмыс беруші арасындағы серіктестік қатынасты нығайтуға жасалған маңызды қадам екеніне және корпорация кәсіпорындарының одан әрі дамуына ықпал ететініне сенімді.

Новости по теме

Новости по теме

10 Mar 2026

«Қазақмыс» Ұлытау облысында кардиохирургияның дамуына қолдау білдіруде

10 Mar 2026

Қазақмыс Шатыркөл-Жайсаң кластеріндегі кәсіпорындардың жұмысын өзінің басқаруына алады

27 Feb 2026

Қазақмыс Қарағанды облысын дамытуға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

27 Feb 2026

«Қазақмыс» алдағы жылдарға арналған ресурстық база мен өндірістік бағдарлама әзірлеуде

26 Feb 2026

«Қазақмыс» геологиялық зерттеуді күшейтуде

25 Feb 2026

«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі