25 Мам 2023

«Білім беру процесін өндіріспен интеграциялау»

Адамдар - бұл біздің компанияның басты құндылығы және негізгі капиталы. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС дамуының негізгі факторы «Қазақмыс» Тобы компанияларының құрылымдық бөлімшелері үшін персоналды оқыту және жоғары білікті жұмысшы кадрларын даярлау бойынша тұрақты жұмыс болып табылады.

Image 2

Корпоративтік колледждерде кәсіптік білім беруді одан әрі дамыту жөніндегі жоспарларды іске асыру шеңберінде 2023 жылдың 18 мамырында Сәтбаев қаласында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Н.К.Нұриевтің тапсырмасымен, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бас директоры О.В.Копытовтың төрағалығымен «Білім беру процесін өндіріспен интеграциялау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына тау-кен байыту кешенінің басшылары, бөлімшелер мен департаменттердің директорлары, Корпорация бағыттары бойынша бас мамандар, «Қазақмыс» корпорациясының технологиялық колледжінің басшылары мен оқытушылары қатысты.

Image 2

Дөңгелек үстелге қатысушылар оқу орнының оқу шеберханаларымен және материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу сабақтарына қатысып, студенттермен кездесті. Технологиялық колледж директоры колледж аумағы мен кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығы бойынша экскурсия ұйымдастырып, Қазақмыс кәсіпорындары үшін жоғары білікті персоналды даярлауға елеулі үлес қосатын оқу орнының ағымдағы қызметі туралы айтып өтті.

Кеңесте студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін даярлаудың басым мамандықтары бойынша оқу полигоны мен құзыреттілік орталығын құру және жұмыс берушінің оқу орнымен неғұрлым тығыз және жүйелі өзара іс-қимылы үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру, колледжде сабақ өткізуге тәжірибелі мамандар мен өндіріс ардагерлерін тарту бойынша Корпорация персоналы жөніндегі директордың баяндамалары тыңдалды.

Image 2

Дөңгелек үстелде технологиялық колледжді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау нәтижелері оқу орнын одан әрі дамытудың негізгі бағыттары мен перспективаларын анықтауға мүмкіндік берді. Корпорацияның бас директоры колледждің оқу полигоны мен шеберханаларын дамыту үшін құрылымдық бөлімшелердің басшыларына нақты тапсырмалар берді, сондай-ақ «Қазақмыс» Тобының компанияларында сұранысқа ие қосымша жұмыс кәсіптері бойынша персоналды даярлау мүмкіндігін анықтау үшін оқу орнының басшылығымен бірлесіп талдау жүргізді.

Сондай-ақ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бас директоры қойылған міндеттерді іске асыру мониторингі үшін жаңа оқу жылы басталар алдында тамыз айында Білім беру мекемесінде кезекті кездесу өткізуді ұсынды.

Image 2

Новости по теме

Новости по теме

10 Sep 2024

«Қазақмыс», ERG және «Қазцинк» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

02 Aug 2024

Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы ғылыми шешімдер: Қазақмыс өндірістің тиімділігі үшін жаңа жүйелерді қалай енгізіп жатыр

01 Aug 2024

Қазақмыс қызметкерлері шығынсыз өндіріс әдістемесін үйренді

24 Jul 2024

Қазақмыс отандық жеке қорғаныс құралдары өндірушісін қолдады

16 Jul 2024

Жамбыл облысында жаңа өнеркәсіптік кешен іске қосылды

05 Jul 2024

Қазақмыс басшылығы Жезқазғандағы геологиялық кластер құрылысымен танысты