27 Қыр 2023

ӨНДІРІСТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ

«Қазақмыс» тобының құрамына кіретін төрт компания «Иннопром. Қазақстан» халықаралық көрмесінде өздерінің инновациялық жобаларын таныстырды.

Image 2

Өнеркәсіптік көрмеге барлығы 700-ге жуық компания қатысты. Әр түрлі елдердің машина, станок және кеме жасау, химия, авиация, металлургия және тоқыма өнеркәсібінің мамандары - саланың даму мәселелері мен перспективаларын талқылады. «Қазақмыс» тобы атынан- «Maker (мейкер)» ЖШС, «Kazakhmys Barlau (Қазақмыс Барлау)» ЖШС, «QazaqGeophysics» ЖШС, «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС презентациялар өткізді.

Image 2

«Иннопром.Қазақстан» көрмесінде «Қазақмыс» таныстырған жобалардың бірі «жасыл» электр энергиясын құру жобасы болды. Бұл - күн электр станциялары, гидростанцияларды жобалау және салу.

Image 2

«Бүгін біз Шығыс өңірінде, атап айтқанда ШҚО, Күршім өзенінде су электр станциясының құрылысын зерттеумен айналысамыз. Бұл біздің перспективалы басым жобаларымыз», - деді «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС Бас директоры Валерий Сибагатулин.

Image 2

Сондай-ақ, көрмеде «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС өндірістерінде жаңа мыс балқыту технологияларын енгізу, ҚҚМЗ-да мамандандырылған тау-кен жабдықтары мен шахталық желдеткіштерді дайындау бойынша жобалар таныстырылды, бұл – болашақта аталған өндіріс түрлерін Қазақстан аумағында шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Новости по теме

Новости по теме

04 Jul 2025

Ұлытау облысында респиратор өндіретін цех ашылды

04 Jul 2025

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары аясында Қазақмыстың өндірістік нысандарын аралады

30 Jun 2025

Қарағандыда тау-кен саласына арналған ғылыми-технологиялық орталық таныстырылды

26 Jun 2025

Ғалым Нұржанов геологтар мен маркшейдерлермен кездесу өткізді

19 Jun 2025

«Жомарт» кенішін іске қосу туралы: Нұрахмет Нуриев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлеріне үндеу жасады

16 Jun 2025

Нұрахмет Нуриев Жезқазған медициналық орталығының қызметкерлерін құттықтады