18 Сәу 2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

Қазақмыс компаниялар тобы Қостанай, Ақтөбе және Атырау облыстарына жалпы салмағы 20 тоннадан асатын азық-түлік, киім-кешек, қажетті заттар, құрылыс техникасы мен құралдарын жіберді.

Гуманитарлық көмекті Қарағанды мен Ұлытау облысыныңдағы компания қызметкерлері жинады.

Аптаның басында Қазақмыстың 14 арнайы техникасы су тасқынынан ең көп зардап шеккен жерлерге жіберілген болатын. Қазіргі уақытта техникалар Батыс Қазақстан облысында көмектесуде.

Бұған дейін KAZ Minerals Тобы мен "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету және Қазақстанның бірқатар өңірлерінде табиғи апаттың салдарын жою үшін 800 миллион теңге бөлген болатын.

Новости по теме

Новости по теме

04 Nov 2025

Қазақмыста өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін жаһандық талдау басталды

28 Oct 2025

Селенді қайта өңдеу технологиясы мемлекеттік сыйлыққа ие болды

23 Oct 2025

«Жыланды» кеніші қалай өзгереді?

22 Oct 2025

SENIM — сенің дауысың маңызды!

22 Oct 2025

Балқашта мың жарымнан астам ағаш пен бұта отырғызылды

17 Oct 2025

«Қазақмыс» жұмыскері «Қайырымдылық үшін» төсбелгісімен марапатталды