11 Ақп 2025

Қазақмыс «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде: металлургия болашағына инвестиция

11-15 ақпан аралығында Астанада еліміздің ірі жұмыс берушілерінің басын қосқан «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтуде. «Қазақмыс» Тобы аталған шарада өзінің озық технологиялары мен білім беру бағдарламаларын және әлеуметтік жауапкершілігін көрсетуге мүмкіндік алды.

Image 2

«Металлургтер үйі» болашақ мамандардың металлургия саласының алып әлемімен танысу орнына айналды. Қонақтар Жезқазған мыс балқыту зауытына VR-экскурсия жасап, өндірістің қайнаған өміріне куә болды. Бұл формат келушілердің, әсіресе жастардың ерекше қызығушылығын оятты. 

Image 2

Шара шеңберінде «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі көпшіліктің назарына кен өңдеудің негізгі кезеңдерін (ұсақтау, флотация, балқыту және мысты электролиздеу) көрсететін тәжірибелік қондырғыларын ұсынды. Осы қондырғылар арқылы колледж студенттері әлемдегі ең таза мыс қалай өндірілетінін көрсетті. 

Image 2

Фестивальдің екінші күнінде павильонды «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев аралады. Ол көрмені тамашалап, политехникалық колледж студенттерімен оқу орнын дамыту жоспарын талқылады. 

Image 2

Айта кетейік, соңғы үш жылда 6,5 мыңнан астам студент біздің кәсіпорындарда білімдерін жетілдіріп, тәжірибеден өтті. 2025 жылы компания колледждерді дамытуға 3 млрд теңгеден астам қаржы бөледі. Колледждерде білім алған барлық түлектерге компанияның бөлімшелеріне жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі. 

Image 2

Сонымен қатар «ЖОО-да оқу – өндірісте жұмыс істеу» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында Қазақмыс Қазақстанның жетекші техникалық университеттерінде жұмыскерлерінің білім алуын қаржыландырады. Бүгінге дейін Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ және еліміздің өзге де жоғары оқу орындарымен меморандумға қол қойылды.

Image 2

Компания сенімді әрі әлеуметтік жауапкершілігі зор жұмыс беруші болуға бар күшін салады. Жаңа Ұжымдық шарт тұрақтылық пен алға ілгерілеудің іргетасын қалады, ал лайықты әлеуметтік пакет мыңдаған маман үшін Қазақмысты тартымды жұмыс орнына айналдырды. 

Image 2

«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі біз үшін көрме ғана емес, бұл – болашақ әріптестермен кездесіп, «Қазақмыста» мансап құру үшін жастарды металлургия саласына тартуға берілген мүмкіндік.

Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

16 Jan 2026

Руслан Өскенәлі Жезқазған өңірінің кәсіпорындарын аралады

16 Jan 2026

Шу ауданында «Шатыркөл» каналы арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту жұмысы аяқталды

05 Jan 2026

Руслан Өскенәлі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы қызметіне кірісті

29 Dec 2025

Қазақмыс өндірістік және әлеуметтік қызметінің қорытындысын шығарды

10 Dec 2025

Қазақмыс жаңа акционерге көшу туралы негіздемелік келісімге қол қойылғанын хабарлайды

09 Dec 2025

Қазақмыста 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды