08 Жел 2023

Бас мүфти Ұлытау облысына келді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Бүгін Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді.

Image 2

Бас мүфти «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриевпен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС тау-кен байыту кешенінің бас директоры Руслан Елкеев және «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Жәнібек Байғабеловпен кездесті. Делегаттар жаңа мешіт салу орнына, Қазақмыстың өндірістік нысандарына, балалар үйіне барып, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Image 2

Жаңа мешіт «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қолдауымен салынады. Қазір ғимаратты қайта жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жаңа мешіт ғимараты 2000 адамға шақталып тұрғызылатын болады. Мешітте кітапхана, асхана және білім беру орталығы болады. Құрылыстың аяқталуы 2024 жылға жоспарланған.

Image 2

Сапар барысында Бас мүфти «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриевпен бірге Жезқазған байыту фабрикасы мен Шығыс Жезқазған кенішінің Анненская шахтасына барды. Наурызбай қажы Тағанұлы қызметкерлермен кездесіп, олардың жұмысына батасын беріп, Құран аяттарын оқып, ұлттың игілігі мен амандығы үшін дұға жасады. Сондай-ақ, Бас мүфти қызметкерлерден қауіпсіздікті ешқашан ұмытпауды және  сақтауды сұрады.

Image 2

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Сәтбаев қаласындағы  «Балмағанбет Балқыбайұлы» атындағы мешітке барды. Бас мүфти жиналған жамағатқа уағыз айтты. Намаздан кейін Бас мүфти елдің игілігі үшін дұға етіп, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға ақшалай сертификаттар табыс етті.

Image 2

Жезқазған қаласындағы Өмірлык қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы да бас мүфти назарынан тыс қалмады. Балалар үйінде 3 жастан 18 жасқа дейінгі 59 бала тәрбиеленуде. Олар үшін Наурызбай қажы Тағанұлы балалар үйіне жаңа кір жуғыш машинаны сыйға тартты.

Image 2

Жұмыс сапарының соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриев ынтымақтастық туралы екі жақты Меморандумға қол қойды.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

19 Jun 2025

«Жомарт» кенішін іске қосу туралы: Нұрахмет Нуриев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлеріне үндеу жасады

16 Jun 2025

Нұрахмет Нуриев Жезқазған медициналық орталығының қызметкерлерін құттықтады

14 Jun 2025

Еңбек қауіпсіздігі және өндірістік жоспар: «Жыланды» кенішінде корпорация басшылығының қатысуымен көшпелі жиналыс өтті

10 Jun 2025

Қазақмыс өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейтуде: цифрландыру, инвестиция және жаңа стратегия

06 Jun 2025

AMM 2025: Қазақмыстың негізгі бағыттары мен бастамалары

05 Jun 2025

Қазақмыс жұмыскерлері «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды