17 Шіл 2023

Балқаш металлургы «Еңбек даңқының» толық кавалері атанды

Кәсіби мереке қарсаңында Балқаш мыс балқыту зауытының атақты металлургы Сейітқали Сағалов I- дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгісімен марапатталды, осылайша ол салалық награданың толық кавалері атанды.

Сейтқали Беркенұлы Сағалов – Балқаш мыс балқыту зауытының бұрыннан еңбек етіп келе жатқан мамандарының бірі. Ол өзінің еңбек жолын мыс электролиздеу цехында, пакеттеушіден бастады, ал 1998 жылдан бастап, осы цехта дайын өнімді тазалаушы болып еңбек етеді. Оның міндеттеріне мыс катодтарын қаптамас бұрын артық қоспалардан тазарту кіреді.

Image 2

МЭЦ-де жұмыс жасаған жылдары Сейітқали Беркенұлы өз ісінің майталманына айналды. Мыс электролизі цехының басшылары оның еңбегі мен ұйымдастырушылық қабілетін бағалай отырып, оны 2000 жылдан бастап бригадир етіп тағайындады. Оның қарамағында дайын өнімді тазартатын 20 -ға тарта өз ісінің шеберлері жұмыс жасайды.

Бір ауысымда Сейітқали Сағаловтың бригадасы 140 пакет салып, 200-300 тонна, ал бір айда 15 мың тоннаға жуық катодты мыс береді. Мүнан әрі, катодтық мыс өнімі тұтынушыларға, соның ішінде шетелдік серіктестерге жіберіледі.

Image 2

Сейітқали Сағаловтың бригадасы бірнеше жылдан бері цехта алдыңғы шептегі бригада болып саналады: еңбек өнімділігі мен сапасын арттыра отырып, жылдан жылға өндірістік көрсеткіштерді асыра орындайды. Сейтқали Беркенұлы, қазір тәлімгерімен бірге иық тіресіп жұмыс істейтін көптеген мамандарды тәрбиелеп келеді. Еңбектен басқа, Сейітқали Сағалов, өзі еңбек ететін цехының, кәсіпорынның және жалпы қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысады.

Сейтқали Сағалов бірнеше рет кәсіпорынның және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің алғыс хат және құрмет грамоталарымен марапатталды, фотосуреті болса «Құрмет тақтасында» ілінді. Ол ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің III, II дәрежелі «Еңбек даңқы» салалық белгісімен марапатталды. Оның қарапайымдылығы, ұқыптылығы мен еңбекқорлығы оған ұжым арасында бедел мен құрметке ие болуға көмектесті. Биыл, мыс электролиздеу цехының ұжымы Сейтқали Сағаловты бірауыздан I дәрежелі «Еңбек даңқы» салалық белгісімен марапаттауға ұсынды. Марапат өз иесін тапты - Астана қаласында, металлургтер күні қарсаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінінде Сейітқали аға «Еңбек даңқы»салалық белгісінің толық кавалері атанды.

Image 2

Сейітқали Сағаловты лайықты марапатымен құттықтаймыз! Сізге денсаулық, жұмыста сәттілік және амандық тілейміз!

Ләззат Смағұлова

Новости по теме

Новости по теме

15 Jan 2025

Сәтбаевта жаңартылған «Ақбота» балабақшасы ашылды

11 Jan 2025

«Қазақмыс» компаниясы өз қызметкерлерін қолдауға және оларды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған корпоративтік бастамасын 2025 жылы да жалғастыратынын қуанышпен хабарлайды.

20 Dec 2024

«Қазақмыс» корпорациясы мен жұмысшылар арасындағы келіссөздердің қорытындысы

20 Dec 2024

Жұмысшылардың үндеуіне қатысты мәлімдеме

20 Dec 2024

Шатыркөл кенішінде штаттық режимдегі жұмысы қайта қалпына келтірілді

19 Dec 2024

Келіссөздерден кейін кеніштер мен зауыттағы жұмыс қалпына келтірілді