15 Қаң 2025

Сәтбаевта жаңартылған «Ақбота» балабақшасы ашылды

«Қазақмыс» корпорациясы Сәтбаев қаласындағы «Ақбота» бөбекжайына күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтады. Бұл жоба Ұлытау облысының әкімдігімен меморандум аясында жүзеге асырылып жатқан, компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің ауқымды бағдарламаларының бір бөлігі. Жобаның жалпы құны - 967 миллион теңге.

Image 2

Жергілікті атқарушы органдардың негізгі сұрауларының бірі мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне кезек мәселесін шешу болған. Бөбекжайды іске қосу балабақша кезегін қысқартуға және 320 баланы тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Күрделі жөндеу жұмыстары аясында балабақша толығымен жаңартылып, заман талабына сай жабдықталған. Шатыры, қасбеті мен инженерлік коммуникациялар жөнделіп, ойын бөлмелеріне жылы едендер салынды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары мен өрт дабылы орнатылған.

Image 2

Балалардың жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Монтессори бөлмесі, денсаулықты нығайтуға арналған тұз бөлмесі, денешынықтыру бөлмесі, музыка бөлмесі және шығармашылық аймақтар бар. Балабақша аумағындағы ойын алаңдары жаңартылып, ағаштар отырғызылып, жаңа асфальт төселді.

Image 2

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев бұл жоба компанияның жаңа әлеуметтік бастамаларын ашатынын атап өтті. Жақын уақытта өңірде тағы сегіз маңызды жобаны аяқтау жоспарлануда.

Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев балаларды тәрбиелеу үшін жағдай жасау, болашақ ұрпақты лайықты тәрбиелеудің кепілі екенін атап өтті.

Осындай көлемді жобалар «Қазақмыс» корпорациясының әлеуметтік жауапкершілгі мен өңірлердің болашағы мен дамуына қосып жатқан ерекше үлесінің дәлелі.

Новости по теме

Новости по теме

04 Jul 2025

Ұлытау облысында респиратор өндіретін цех ашылды

04 Jul 2025

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары аясында Қазақмыстың өндірістік нысандарын аралады

30 Jun 2025

Қарағандыда тау-кен саласына арналған ғылыми-технологиялық орталық таныстырылды

26 Jun 2025

Ғалым Нұржанов геологтар мен маркшейдерлермен кездесу өткізді

19 Jun 2025

«Жомарт» кенішін іске қосу туралы: Нұрахмет Нуриев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлеріне үндеу жасады

16 Jun 2025

Нұрахмет Нуриев Жезқазған медициналық орталығының қызметкерлерін құттықтады