01 Мау 2025

«Концерт, сурет және балмұздақ». Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш Балаларды қорғау күнін қалай атап өтті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларында балалар мен олардың отбасына арналған мерекелік іс-шара өтті. Қалалық алаңдарда музыка ойнап, концерт, байқау, би жарысы өткізілді. Өз кезегінде аниматорлар ойын ұйымдастырды. Балалар «Сүйікті қалам» арт-аймағында сурет салып, «Субұрқақ жанындағы даңқты минут» шағын-сахнасында өнер көрсетті. Бұл үшін қатысушыларға тәтті сыйлық берілді.

Image 2

Мерекелік іс-шарада қоршаған ортаға қамқорлық жасауға ерекше назар аударылды. «Таза қала – бақытты балалық шақ» акциясы аясында балалар пластик қалдықтарды жинап, тәттіге айырбастады. Барлығы үш Камазға жуық қоқыс жиналды.

Image 2

Сәтбаев қаласында мерекеге орай «Қазақмыс» Ш. Ділдебаев атындағы Мәдениет үйінің қарсысындағы жаңа демалыс аймағының абаттандыру жұмысын аяқтады. Мұнда өрнектас төселіп, ағаш отырғызылды, балалар алаңдары, орындықтар, шағын сәулет нысандары мен жарық шамдары орнатылды. Интерактивті құрғақ субұрқақ нысанның басты ерекшелігіне саналады. Ол жаздың аптабында қала тұрғындарының сүйікті орнына айналмақ. Құны 650 млн теңгені құрайтын жобаны «Қазақмыс» пен қала әкімдігі бірлесіп жүзеге асырды.

Image 2

Естеріңізге салайық, өткен жылдың 1 маусымында Жезқазғанда қайта жаңғыртудан кейін Металлургтер алаңы ашылды. 2025 жылдың басында Сәтбаев қаласында «Ақбота» балабақшасы жаңартылды, ал Жезқазғанда жаңа «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен еліміздегі ең ірі шахмат академиясы ашылды. Қазақмыс өзі жұмыс істейтін өңірлерде әлеуметтік жобаларды жүйелі түрде қолдап келеді.

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

04 Jul 2025

Ұлытау облысында респиратор өндіретін цех ашылды

04 Jul 2025

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары аясында Қазақмыстың өндірістік нысандарын аралады

30 Jun 2025

Қарағандыда тау-кен саласына арналған ғылыми-технологиялық орталық таныстырылды

26 Jun 2025

Ғалым Нұржанов геологтар мен маркшейдерлермен кездесу өткізді

19 Jun 2025

«Жомарт» кенішін іске қосу туралы: Нұрахмет Нуриев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлеріне үндеу жасады

16 Jun 2025

Нұрахмет Нуриев Жезқазған медициналық орталығының қызметкерлерін құттықтады