21 Ақп 2024

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМДЕР БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕР ОРЫНДАЛДЫ

Бірқатар БАҚ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша міндеттемелерін бұзғаны туралы ақпарат жариялады. Осылайша, пандемия және постпандемия кезеңдерге қарамастан Корпорация жер қойнауын пайдалануға келесі келісімшарттар бойынша 2020-2022 жылдарға арналған инвестициялық міндеттемелерді орындады:

1.    Келісім-шарт №109 (Нұрқазған): 272%;

2.    Келісім-шарт №114 (Жезқазған): 200%;

3.    Келісім-шарт №243 (Қоңырат, Саяқ-1 и Тастау): 111%;

4.     Келісім-шарт №583 (Шатыркөл): 142%;

5.     Келісім-шарт №663 (Жаман-Айбат): 98%;

6.     Келісім-шарт №1681 (Абыз): 156%;

7.     Келісім-шарт №2321 (Ақбастау): 92%;

8.    Келісім-шарт №4188-АЖИ (Спасск мыс кені аймағы): 281%;

9.     Келісім-шарт №5218-АЖИ (Жыланды тобы): 136%;

10.Лицензия №1-ML (Қажықонған): 969%.

Корпорация облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі бойынша өз міндеттемелерін толығымен (100%-дан астам) орындады, Қазақстан азаматтарын даярлауды және ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын қаржыландырды. Компания Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген барлық салықтар мен төлемдерді уақытылы өтеді. Лицензиялау және шарттық міндеттемелерден бөлек, 2020-2022 жылдар аралығында Қазақмыс Қарағанды ​​облысы мен Ұлытау өңірінің инфрақұрылымын қолдау және жақсарту үшін 45 миллиард теңгеден астам инвестиция салды.

Бүгінгі таңда «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еліміздің геологиялық -барлау саласына белсенді инвестиция салуда. Осылайша, 2019-2023 жылдар аралығында компания Қазақстанның жеті облысында 47-ге жуық геологиялық барлау жобасын іске асырып осы саланы әрі қарай дамытуда. Зерттелген аумақ 20 000 шаршы шақырымды құрады. Жалпы инвестиция көлемі - 31 миллиард теңгеден астам тұрады. Корпорация минералдық-шикізат базасын кеңейту мақсатында, соның ішінде Соқырқой кен орнының айналасында 2024 жылы қатты пайдалы қазбаларды барлауға тағы 15 лицензия алды.

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС әртүрлі сайттарда таратылып жатқан және мемлекеттік органдардың дерекқорлары берген қате ақпаратқа негізделген, шындыққа жанаспайтын ақпарат көздерін сынға алады. Компания Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің іскерлік беделін қорғауға ниет білдіреді.

Новости по теме

Новости по теме

10 Mar 2026

«Қазақмыс» Ұлытау облысында кардиохирургияның дамуына қолдау білдіруде

10 Mar 2026

Қазақмыс Шатыркөл-Жайсаң кластеріндегі кәсіпорындардың жұмысын өзінің басқаруына алады

27 Feb 2026

Қазақмыс Қарағанды облысын дамытуға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

27 Feb 2026

«Қазақмыс» алдағы жылдарға арналған ресурстық база мен өндірістік бағдарлама әзірлеуде

26 Feb 2026

«Қазақмыс» геологиялық зерттеуді күшейтуде

25 Feb 2026

«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі