25 Сәу 2025

Еңбек адамы және ұрпақ тәлімгері: Ғабдуманап Шаяхметов зейнетке шықты

Бүгін Астанада байыту өндірісі саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер Ғабдуманап Шаяхметовты зейнет демалысына шығарып салды.

Image 2

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев байытушыға өз кәсібіне адал қызмет еткені және саланың дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс білдірді.

Ғабдуманап Диханбайұлы отандық өнеркәсіптің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Осындай адамдардың арқасында байытушы мамандығын меңгеру абырой әрі мақтаныш болып қала береді.

Ғабдуманап Шаяхметов еңбек жолында №1, №2 байыту фабрикаларының бас инженері, Сәтбаев қаласындағы №3 байыту фабрикасының директоры, Балқаш байыту фабрикасының директоры, Байыту өндірісі департаментінің директоры, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС кен байыту жөніндегі басқарушы директоры, сондай-ақ Кен байыту басқармасының болашақ технологиялық процестер бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

«Еңбек ардагері» медалімен, «Еңбек даңқы» ІІІ және ІІ дәрежелі төсбелгілерімен, басқа да ведомстволық және мемлекеттік наградалармен марапатталған.  

Новости по теме

Новости по теме

13 Feb 2026

Қазақмыс «Жомарт» және «Жыланды» кеніштерінің дамуына инвестиция салады

11 Feb 2026

«Қазақмыс» корпорациясы инженерлік білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

11 Feb 2026

Қауіпсіздік және инвестиция: «Қазақмыс» кеніштерін дамытудың жаңа стратегиясы

09 Feb 2026

Қазақмыста өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жаңартылған стратегиясы енгізілуде

05 Feb 2026

«Қазақмыс» корпорациясы әлеуметтік саясатты жүзеге асыруды жалғастыруда

04 Feb 2026

Руслан Өскенәлі Геологиялық кластер және «Жезқазған» медициналық орталығының жұмысымен танысты