12 Ақп 2025

Қазақмыс 100-ден астам жас маманды жұмысқа қабылдайды

«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінің панельдік сессиясында «Kazakhmys Holding» ЖШС ұйымдастырушылық даму және персоналды басқару жөніндегі директоры Әлібек Алдоңғаров дарынды жастарды өндіріске тартуға бағытталған сәтті жобалар жайлы айтты.

Image 2

Бастамаларды жүзеге асыруға Қазақмыстың Политехникалық және Технологиялық колледждері атсалысуда. Олар тау-кен саласында мансап құрғысы келетін жастарға зор мүмкіндік беріп отыр. Аталмыш колледждердің барлық студентіне компания атынан шәкіртақы және 3-4 курста оқитын студенттерге ақысы төленетін тәжірибе қарастырылған. 

Image 2

Компанияның «ЖОО-да оқу – өндірісте жұмыс істеу» бағдарламасы бойынша жастар тегін жоғары білім алады. Бір жылдан кейін осы бағдарлама бойынша компанияға 100-ден астам жас маманды жұмысқа қабылдау жоспарланған.  

«Өндірістегі онлайн-тәжірибе» жобасы Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі колледждер мен университеттердің студенттеріне тәжірибе жинақтауға көмектесті. 1159 студент бес мамандық бойынша тәжірибеден өтті. Үздіктердің үздігі Қазақмыстың сыртқы кадрлық резервіне қабылданды.   

Image 2

Соңғы үш жылда «Қазақмыстың» құрылымдық бөлімшелерінде жақын шетелдің және еліміздегі түрлі оқу орындардың 6 542 студенті оқу, танысу кезеңдерінен, өндірістік және дипломалды тәжірибеден, сондай-ақ дуальді оқыту жүйесі аясындағы даярлықтан өтті. Осы уақыт ішінде «Қазақмыс» колледждерінің 617 түлегі компанияның құрылымдық бөлімшелеріне жұмысқа орналастырылды.  

Қазіргі заманғы тау-кен ісі мен металлургия саласы инновацияларға, қол еңбегін автоматтандыруға және «жасыл» экологиялық әдістерге жүгінуге басымдық береді. Қазақмыс осыны жас ұрпаққа өз үлгісі негізінде түсіндіруді маңызды міндет санайды.  

Новости по теме

Новости по теме

04 Jul 2025

Ұлытау облысында респиратор өндіретін цех ашылды

04 Jul 2025

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары аясында Қазақмыстың өндірістік нысандарын аралады

30 Jun 2025

Қарағандыда тау-кен саласына арналған ғылыми-технологиялық орталық таныстырылды

26 Jun 2025

Ғалым Нұржанов геологтар мен маркшейдерлермен кездесу өткізді

19 Jun 2025

«Жомарт» кенішін іске қосу туралы: Нұрахмет Нуриев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлеріне үндеу жасады

16 Jun 2025

Нұрахмет Нуриев Жезқазған медициналық орталығының қызметкерлерін құттықтады