24 Қар 2023
Балқаш мысына 85 жыл!
Биылғы жыл - Балқаш металлургтері үшін ерекше жыл. Бүгін, 24 қарашада, Балқаштың алғашқы тазартылмаған мысының алынғанына 85 жыл толып отыр.

Балқаш мысының тарихы, өткен ғасырдың 1928 жылынан бастау алады. Сол кездерде, Ленинградтық геолог Михаил Петрович Русаков Қонырат шоқыларында барлау экспедициясын жүргізеді. Экспедиция Қоныратта өте бай кен қоры бар екенін анықтайды. Бір жылдан кейін, яғни 1929 жылы, солтүстік Балқаш өңірінде бірінші ұңғымаларды бұрғылау басталады. Геологтар кен орнын мұқият зерттеп, кен түрпаттарынын формалары мен және алдағы бірнеше онжылдықтарға жететін мыс қорының а кенінің жылдар бойы кен денесінің формалары мен мыс қорларын өте бай екенін анықтады. Осыдан кейін, КСРО Еңбек және Қорғаныс кеңесі көлдің жағалауында Балқаш мыс алыбын салу туралы шешім қабылдады. 1938 жылы 24 қарашада инженер Н. И. Бакурадзенің ауысымындағы ұжым Балқаштың алғашқы тазартылмаған мысын берді. Алғашқы мыс қорытпасын алуға ағайынды Лошкаревтар, Василий Баранов, Александр Вепрев, Өткерме Құлмышев, Азанбай Тілеуғабылов, Владимир Гужавин, Михаил Трофименко, Федор Бундин қатысты. Олардың есімдері Балқаш пен қаланың металлургиясының қалыптасу тарихына алтын әріптермен жазылған. Балқаш мысының даңқты жолы осылай басталды.

85 жыл ішінде балқаштық металлургтері мен Балқаш мыс зауытынын басынан әр қилы кезеңдер де өтті - өрлеуде, тоқырау да жылдары болды. Уақыт өзгеріп, кәсіпорынның атауы да бірнеше рет өзгерді – алайда өзгеріссіз бір нәрсе қалды, ол- еңбекке, мамандыққа және зауытқа деген адалдық. Қазіргі уақытта, Балқаш мыс қорыту зауыты "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС құрамына кіреді. Ал, «Қазақмыс Смэлтинг» корпорация құрылымындағы жеке бизнес –бірлік ретінде, өз қызметін 2012 жылдың 1 наурызынан жүзеге асыра бастады.

Бүгінгі таңда жас, білімді де, сауатты директор Ербол Айбеков басқаратын "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС құрамындағы Балқаш мыс қорыту зауыты-мықты еңбек ұжымы бар және тұрақты өндірістік қызметін дөңгелетіп отырған Қазақстанның ең көне зауыттарының бірі. Ербол Айбековтың басшылығымен зауытта бірнеше жыл бойы Алмаз Сыздықбеков, Байтас Сүлейменов, Мәди Әбдуәлиев, Мұхтар Сұлтанғазин, Болат Мырзабеков, Евгений Сивун, Ерлан Қасбақов, Жанат Иманбеков, Бексұлтан Қасымбеков сияқты тәжірибелі металлургтер еңбек етуде. Бұл азаматтар - өндірістің нағыз командирлері, еңбек жолында мол тәжірибелері де бар. Олар ең басты тауар өнімі – катод мысын, сондай-ақ, алтын мен күміс өндірудің барлық күрделі процесін сауатты жүргізе біледі.
"Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС БМЗ - Қарағанды облысының Балқаш өңіріндегі негізгі қалақұрушы кәсіпорын және Қазақмыс құрамындағы жетекші кәсіпорын екенін атап өткіміз келеді. Балқаш металлургтері шығаратын мыс, күміс және алтын Қазақстан экономикасының экспорттық секторында алдыңғы орын алады.

Кәсіпорынның алтын қоры - адамдар, мыс өндіру процесін өз мойнына алып жүретіндер, әрине, жұмысшы мамандар - бұлар ШДЦ-дан Арман Әмірзин, Елена Смирнова, Жанғабыл Абзалбеков, Дастан Сапиолла ,Ғани Кәрімов, мыс балқыту цехынан - Далутбек Қыздаров, Омейрбек Конкушев, Евгений Швецов және Ерұлан Жұмабеков. Мыс электролиздеу цехынан-Дәуренбек Сәрсенбеков, Алмагүл Үсенова, Өміртай Құтымгелдинов, Ғалима Бименбетова, Нұрбол Құнарбеков. Ал, металлургиялық пештерді жөндеу цехынын отқа төтеп берушілері -Ербол Омарқұлов, Нұрсерік Аршабеков, Ержан Асанов, Ербол Жылтынов және Серікбай Аманбековтер зауыттың жұмысына сүбелі үлестерін қосуда.

Осы мамандардың есімімен, Балқаш мыс зауыты ғана емес, бүкіл Балқаш өндірістік алаңы мен Балқаш қаласы мақтанады.
Тарихты адамдар жасайды дейді. БМЗ-ның 85 жылдық тарихында көптеген небір тамаша есімдер қалды. Олар, Қазақстанның металлургия саласының қалыптасуы мен дамуында маңызды рөл атқарған басшылар, инженерлік - техникалық қызметкерлер мен жұмысшылар тобы. Сол кісілердің еңбегімен, ақыл- білімімен Балқаш мыс қорыту зауыты мен Балқаш мысының атағы жер жарып, дүниежүзілік түсті металдар нарығында зор даңққа ие болды.
Осы айтулы, мерейтой күні барлық еңбек ардагерлеріне денсаулық, сергектік пен күш -қуат, ал мыс балқыту өндірісінің даңқты еңбеккерлеріне - табысты және жемісті еңбек, отбасылық амандық, қуаныш пен жақсылық тілейміз.
Мерейтойың құтты болсын, Балқаш мысы!
Ляззат Смагулова.

