26 Мау 2023

Балқаш жарысы

Жезқазғаннан «Cuprum run Balkhash-2023» жаппай жүгіру эстафетасын Балқаш металлургтер қаласы қабылдады.

Image 2

Спорттық іс-шара 25 Маусымда «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС және қала әкімдігінің қолдауымен өтті. Жаппай жарысқа Смэлтингтің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері мен басшылары, ҚР ҚК әскери қызметшілері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Image 2

Жарысқа қатысу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен тәжірибелі спортшылар келді. 300-ге жуық жүгіруші 5 және 10 км қашықтыққа жүгіруді Хамзин атындағы мәдениет сарайы алаңынан бастады.

Image 2

ҚР ҚК Әуе шабуылына қарсы қорғанысының әскери қызметшілері тамаша төзімділік пен спорттық дайындықты көрсетіп, мәреге бірінші болып келді.

Image 2

Ерлер арасында 5 км қашықтықта бірінші болып мәреге спортшы Дархан Кесікбаев (Талдықорған қ.), әйелдер арасында Татьяна Купцова (Семей қ.) келді. 10 км қашықтықта ҚР ҚК Әскери Әуе қорғанысы Руслан Бекешов (Семей қ.) және Елена Леонова (Шахтинск қ.) жүлдегерлер атанды. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, ал қатысушылар естелік медальдармен марапатталды.

Image 2

Жарысқа қатысқаны үшін жиналған барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалады.

Image 2

Атап өту керек, Балқашта мұндай жаппай жүгіру алғаш рет өткізілуде, сондықтан, шара - қала тұрғындары мен Балқаш өндірістік алаңының қызметкерлері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Балқаштықтар мұндай спорттық іс-шаралар болашақта дәстүрге айналады деп үміттенеді.

Ләззат Смағұлова

Новости по теме

Новости по теме

10 Mar 2026

«Қазақмыс» Ұлытау облысында кардиохирургияның дамуына қолдау білдіруде

10 Mar 2026

Қазақмыс Шатыркөл-Жайсаң кластеріндегі кәсіпорындардың жұмысын өзінің басқаруына алады

27 Feb 2026

Қазақмыс Қарағанды облысын дамытуға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

27 Feb 2026

«Қазақмыс» алдағы жылдарға арналған ресурстық база мен өндірістік бағдарлама әзірлеуде

26 Feb 2026

«Қазақмыс» геологиялық зерттеуді күшейтуде

25 Feb 2026

«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі