06 Қаз 2023

ЖМЗ-да «Dalamatic» жаңа аспирациялық жүйесі орнатылды

Бұған дейін белгілі болғандай, Ұлытау облысында экология мәселесі ерекше бақылауда тұр. Осы мәселені шешу мақсатында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өздерінің өндіріс орындары орналасқан жерлерде экологиялық жағдайды реттеу және жақсарту тетіктерін қалыптастыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Атап айтқанда, Жезқазған мыс балқыту зауытында бірнеше жылдан бері өнеркәсіптік шаңды аспирациялық жүйелермен ұстау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Image 2

Үстіміздегі жылдың қазан айының 4 күні Жезқазған мыс балқыту зауытының шихтасын дайындау цехында инвестициялық жоба шеңберінде орнатылған «Dalamatic» жаңа жүйесі сәтті іске қосылды. Жүйенің алғашқы іске қосылуына «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриев, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Жәнібек Байғабелов, Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов және ІАF компаниясының өкілдері қатысты.

Image 2

 «Біздің компанияда жергілікті типтегі «Donaldson Dalamatic» аспирациялық жүйелер орнатылды, олар тікелей құю қондырғыларында орнатылып, шаң жинайды. Мұнда шаңды жинап, кейін оны конвейерге төгетін сүзгілер орнатылып, тазартылған ауа цехқа жіберіледі», - деді жүйенің тиімділігі туралы баяндаған  «ІАF» ЖШС техникалық директоры Андрей Галата.

Image 2

Қазіргі уақытта ЖМЗ-да 18 Даламатикалық қондырғы орнатылған, оның 13-і шихта дайындау цехында. Жүйе жұмысының бірінші күні тамаша нәтиже көрсетті - тазалау 99,9% жетеді.

Image 2

Шихта дайындау цехында бүгінде 205-ке тарта жан еңбек етеді. Аталмыш бұл жаңа аспирациялық жүйені енгізу кәсіпорында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға мүмкіндік береді.

Image 2

Шихтаны дайындау цехынан бөлек, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев «Архимед Қазақстан» ЖШС серіктестігімен ЖМЗ аумағынан ашылған жаңа стоматологиялық кабинетінде болды. Кабинет барлық қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Небәрі 2 аптаның ішінде «Қазақмыстың» 30 қызметкері тіс дәрігерінің қызметін пайдаланды. Жуық арада осындай стоматологиялық кабинеттер Жезқазған өңдеу зауыты мен Сәтбаев қаласында да ашылады деп жоспарланып отыр.

Новости по теме

Новости по теме

19 Apr 2024

Әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына 40 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

18 Apr 2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

14 Apr 2024

«Қазақмыс» су басу аймақтарына арнайы ауыр техника жіберді

07 Apr 2024

Құрметті «Қазақмыс» Тобынын қызметкерлері!