01 Жел 2023

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында БАЙҚАУ жариялайды.

Оның мақсаты – компания кәсіпорындарындағы еңбек жағдайын дамытуға және жақсартуға елеулі үлес қосуда ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу.

Жеңімпаздарды Қазақмыстың әрбір қызметкері таңдай алады. Ол үшін 2023 жылғы 01-08 желтоқсан аралығында келесі номинациялар бойынша онлайн дауыс беру ашылады:

1) «ТҚ және ЕҚ саласындағы үздік жұмысшы»;

2) «Үздік желілік жетекші»;

3) «ТҚ саласындағы кәсіпорынның үздік басшысы»;

4) «ТҚ және ЕҚ бөлімінің үздік қызметкері»;

5) «ТҚ және ЕҚ саласындағы Үздік әдіскер»;

6) «ТҚ және ЕҚ саласындағы үздік бейінді маман»;

7) «ТҚ және ЕҚ саласындағы үздік ынталандырушы бейнеролик»;

8) «ТҚ және ЕҚ саласындағы Үздік бригадир»;

9) «ТҚ және ЕҚ саласындағы үздік учаске бастығы»;

10) «ТҚ және ЕҚ саласындағы үздік тау-кен шебері»;

Дауыс беруге лауазымы мен кәсібіне қарамастан бөлімшелердің барлық қызметкерлері қатыса алады.

Әр қызметкер тек бір ғана ҚАТЫСУШЫҒА өз дауысын бере алады!

Дауыс беру 1 желтоқсанда сағат 9:00-де бастап, 8 желтоқсан 17:00-ге дейін жалғасады.

Онлайн дауыс беруге арналған сілтеме:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfA5jwWYk9_0VixCQx2uuU0cOLHSjb4C2H6_S_2Jes5Asmpwg/viewform?usp=sf_link

Компанияның байқауына белсене қатысыңыз! Әр қызметкердің дауысы маңызды!

Дауыс беру үшін сілтеме бойынша өту керек немесе форманы ашу үшін QR кодын сканерлеу керек:

Image 2 «Қазақмыс» Тобының компанияларындағы құпиялылық режиміне байланысты сізден мобильді құрылғы арқылы дауыс беруіңізді сұраймыз.


Новости по теме

Новости по теме

04 Jul 2025

Ұлытау облысында респиратор өндіретін цех ашылды

04 Jul 2025

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапары аясында Қазақмыстың өндірістік нысандарын аралады

30 Jun 2025

Қарағандыда тау-кен саласына арналған ғылыми-технологиялық орталық таныстырылды

26 Jun 2025

Ғалым Нұржанов геологтар мен маркшейдерлермен кездесу өткізді

19 Jun 2025

«Жомарт» кенішін іске қосу туралы: Нұрахмет Нуриев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлеріне үндеу жасады

16 Jun 2025

Нұрахмет Нуриев Жезқазған медициналық орталығының қызметкерлерін құттықтады