31 Қаң 2024

Қарағанды облысының әкімі Балқаштағы «Қазақмыс» кәсіпорындарында болды

Бүгін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жұмыс сапарымен Балқаш қаласына келді.

Image 2

Өңір басшысы «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытында болып, өндіріс жөніндегі директор Марат Әубәкіровпен кездесіп, «Қазақмыстың» негізгі өнімі – катодты мыс өндірілетін мыс балқыту цехы мен мыс электролизі цехының жұмысымен танысты.

Image 2

Күннің екінші жартысында әкімшілікте өткен қалалық кеңейтілген кеңесте , «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС тұрақты даму жөніндегі директоры Сәкен Шаяхметов Балқаш қаласын дамытудың кешенді жоспарын орындау бойынша презентация жасады.

Image 2

«Қазақмыс» жоспары аясында экономикалық және әлеуметтік маңызды жобалар іске асырылды. Мәселен, 2023 жылы тазартылмаған селенді тазарту және бағалы металлды қожды қайта өңдеу цехының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жаңа цехта 70 адам жұмыс істейді.

Қоңырат кентінің ауданында белгіленген қуаттылығы 100 МВт болатын «Балқаш» күн электр станциясы құрылысының екінші кезеңі жүргізілуде. «KAZ GREEN ENERGY»  ЖШС-нің  «жасыл»  энергетика жобасын пайдаланға берілуі мерзімі 25 жылды құрайды.

Image 2

2023 жылы «Қазақмыс» әлеуметтік салада үлкен жұмыс атқарды. «Ұстаз-Ұлытау» педагогикалық трансформация орталығы  жобасымен қаланың жеті мектебі қамтылып, Ермеков атындағы мектеп-лицейінің аккредитациясы алынды, 40 адам біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Компанияның қолдауымен Қарағанды және Ұлытау облыстарының 200-ден астам педагогтарының қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Балқаш өндірістік алаңы қызметкерлерінің 50-ге жуық мүмкіндігі шектеулі балалары  «Қазақмыстың» қолдауымен Қазақстанның түрлі емдеу мекемелерінде оңалтудан өтті. Сондай-ақ, компания өз қызметкерлерін сауықтыруға және ардагерлерді қолдауға үлкен көңіл бөледі.

Image 2

2024 жылы «Қазақмыс» компаниялар тобы Балқашта әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға шамамен 2 млрд. теңге бөлуді жоспарлап отыр. Іске асырылып жатқан жобалардың ішінде: Балқаш жылу электр орталығын жаңғырту, күкірт қышқылы цехының екінші желісін салу, «Металлургтер» алаңын және «Жастар» скверін абаттандыру бойынша жобаларды әзірлеу және т. б.

Image 2

«Қазақмыс» компаниялар тобы әлеуметтік бағдарланған компания бола отырып, 2024 жылы халықтың өмір сүру, еңбек жағдайларын жақсарту және өзі қатысатын өңірлерді дамытуға өз үлесін қосуды жалғастырады.

Ляззат Смагулова

Image 2

Новости по теме

Новости по теме

22 Apr 2025

Қазақмыс «Таза Қазақстан» экофестивалінде экологиялық және өнеркәсіптік бастамаларын ұсынды

15 Apr 2025

Қазақмыс пен Colorado School of Mines ынтымақтастық болашағын талқылады

03 Apr 2025

Қазақмыс басқару құрылымын трансформациялайды және басшылық құрам санын қысқартады

20 Mar 2025

Қазақмыс қауіпсіздік шараларын кешенді тексеру үшін өндірістік нысандардың жұмысын кезең-кезеңімен тоқтатады

19 Mar 2025

«Қазақмыс» компаниялар Тобы қауіп төнуі ықтимал телімдерде өндіруді уақытша тоқтатады және барлық жерде қауіпсіздік шараларын күшейтеді.

19 Mar 2025

Қазақмыс өндірісте жазатайым оқиға орын алғаны туралы өкінішпен хабарлайды