30 Қыр 2024

Satbayev University және Қазақмыс Қаныш Сәтбаевтың құрметіне кітап шығарды

«Академик Қ.И. Сәтбаев және Қазақстанның ірі мысы» атты кітап Қазақстандағы мыс саласының қалыптасу тарихына арналған және көрнекті ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған.

Кітап авторы – ғалым, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Satbayev University Металлургия және кен байыту институтының бас ғылыми қызметкері Сұлтанбек Қожахметов. Автордың айтуынша, ол кітап шыққанға дейін 25 жылдан астам уақыт бойы Қаныш Сәтбаевтың өмірбаянын зерттеп, ақпарат жинаған.

Image 2

Кітапта ғалымның 1926 жылға дейінгі өмір жолы мен кәсіби қызметінің кезеңдері бейнеленіп, оның Жезқазған өңіріндегі мыс кендерінің орасан қорларын ашу және солардың негізінде Орталық Қазақстанда ірі мыс балқыту зауыттарын құру, сондай-ақ республиканың түсті металлургиясының кен базасының дамуы жайында 15 жылдық үздіксіз еңбегінің нәтижелері берілген.

Image 2

Кітап көпшілік оқырман қауымға және ең алдымен студенттер мен минералдық, шикізат және металлургиялық кешендердің инженерлік-техникалық қызметкерлеріне арналған.

Бүгін кітаптың авторы Сұлтанбек Қожахметов басылымды «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриевке табыстады.

Новости по теме

Новости по теме

13 Feb 2026

Қазақмыс «Жомарт» және «Жыланды» кеніштерінің дамуына инвестиция салады

11 Feb 2026

«Қазақмыс» корпорациясы инженерлік білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

11 Feb 2026

Қауіпсіздік және инвестиция: «Қазақмыс» кеніштерін дамытудың жаңа стратегиясы

09 Feb 2026

Қазақмыста өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жаңартылған стратегиясы енгізілуде

05 Feb 2026

«Қазақмыс» корпорациясы әлеуметтік саясатты жүзеге асыруды жалғастыруда

04 Feb 2026

Руслан Өскенәлі Геологиялық кластер және «Жезқазған» медициналық орталығының жұмысымен танысты