10 Қар 2022

САПАЛЫ ЖҰМЫС ҮШІН – МАРАПАТ

Бүгін «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС сапа қызметінің қызметкерлерін кәсіби мереке – Халықаралық сапа күнімен құттықтады.

Image 2

Адал еңбегі үшін саланың алты өкілі мемлекеттік салалық марапат – үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісіне ие болды. Олардың қатарында – түсті металлургия өнімдерін бақылаушы Жанар Әлібекова, байыту өнімдерін бақылаушылар Балдырған Қошмағамбетова, Рымқұл Сыздықова және Балқия Қасымова, рентген-спектрлік талдау зертханасының электрслесары Алиолла Әлкеев, химия зертханасының инженері Айнагүл Сыздықова бар.

Сондай-ақ, саланың тағы он үздік қызметкері осы күнге арнайы тағайындалған «Қазақмыс» сапа қызметі» төсбелгісімен марапатталды.

Біздің қызметіміз, әрине, кен өндірмейді, флотациямен айналыспайды, металды балқытпайды. бірақ осы процестердің барлығында біз өндірушілерді сүйемелдейміз және бұл шығарылатын өнімнің қорытынды сапасына үлкен әсер етеді. Бұл – біздің мамандығымыздың басты мәні. Мереке құтты болсын құрметті әріптестер!

сапа қызметінің директоры Зәуре Әбдрахманова

Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

19 Apr 2024

Әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына 40 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

18 Apr 2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

14 Apr 2024

«Қазақмыс» су басу аймақтарына арнайы ауыр техника жіберді

07 Apr 2024

Құрметті «Қазақмыс» Тобынын қызметкерлері!