22 Жел 2022

«Қазақмыс» - көпұлтты компания

Жекелеген БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Қазақмыс» компаниясының іскерлік беделіне нұқсан келтіретін арандатушылық материалдар пайда бола бастады. Бұл теріс ақпараттық шығарындылардың ешқандай негізі жоқ және тек Компания басшылығының беделін түсіруге және қазақстандық қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған.

«Қазақмыс» компаниялар тобы әрқашан қазақстандық холдинг болған және болып қала береді. Біздің басым міндеттеріміздің бірі – қазақстандық экономиканың дамуына және халықаралық нарықта жоғары бағаланатын сапалы отандық өнімді құруға үлес қосу.

Сонымен қатар, «Қазақмыс» әлеуметтік-бағдарланған компания болып табылады, ол қатысу өңірлерінің дамуына үлкен үлес қосады. Мәселен, ағымдағы жылдың қараша айында Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақмыс» арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыруға, осы өңірді дамытуға 35 млрд теңге бөлеміз.

Біз мұқтаж отбасыларға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға пәтер беру сияқты басқа да ірі әлеуметтік бастамаларды бастаймыз және іске асырамыз.

Сонымен қатар, біздің тау-кен металлургия компаниясының басты құндылығы оның қызметкерлері екенін атап өткен жөн. Біздің компанияда ұлттық, жыныстық немесе діни белгілер бойынша бөліну жоқ.

Қазақмыста Қазақстан Республикасында тұратын барлық ұлт өкілдері иық тіресіп еңбек етуде. Шетелдік мамандарды жұмысқа жалдау ерекше жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

Мәселен, жақында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бас директоры лауазымына тағайындалған Олег Копытов Қазақстандағы әріптестерінің құрметіне ие болған өз ісінің нағыз кәсіпқойы болып табылады. Оның тау-кен саласындағы еңбек өтілі 22 жыл, ал біздің компанияда ол 2009 жылдан бері жұмыс істейді.

Игорь Перетолчиннің тағайындалуында да ұқсас жағдай, оның тау-кен саласындағы көп жылдық тәжірибесі бізге өндірістік процестерді жақсартуға көмектеседі.

Компанияның тағы бір шетелдік маманы – «Қазақмыс Холдинг» ЖШС ұйымдастырушылық даму және персоналды басқару жөніндегі директоры Евгений Козак, алайда ол Украина азаматы.

Таратылатын посттарда Қазақстан азаматы Марина Красюкке қатысты да дұрыс емес ақпарат шықты. Марина Владимировна Қазақстанда туып-өскен, қазіргі уақытта біздің еліміз бен компаниямыздың игілігі үшін жұмыс істейді.

Бұл ретте ұлттық кадрларды, отандық жоғары оқу орындарының түлектері мен мамандарды тәрбиелеу мен өсіруге үлкен мән берілетінін атап өтеміз. Арандатушылар өздерінің негізсіз айыптауларында компаниядағы барлық басшылық лауазымдарды қазақстандықтар алатынын  айтпайды. Фабрикалар мен зауыттардың, кеніштер мен шахталардың, түрлі құрылымдық бөлімшелер мен қызметтердің директорлары - бұл біздің қазақстандықтар, отандастарымыз!

«Қазақмыс» баспасөз қызметі желі пайдаланушыларын компанияның ресми хабарламаларына ғана сенуге және тексерілмеген және дұрыс емес ақпаратты елемеуге шақырады.

Тек бірге және бірлесе отырып, біз шын мәнінде еркін азаматтық қоғам мен әділ Қазақстанды құра аламыз!

Біздің ресми дереккөздер:

Instagram: @kazakhmys_official

Telegram: @qazaqmys_official

Facebook: @kazakhmyscorporation 

Youtube: @kazakhmys_official

Сайт: kazakhmys.kz/kz

Новости по теме

Новости по теме

05 Feb 2025

«Қазақмыс» корпорациясының жеке тұлғаларға ұшақ сатып алуы туралы

02 Feb 2025

Digital Қазақмыс: компаниядағы цифрлық технологиялар

02 Feb 2025

Ұлытау облысында еліміздегі ең ірі шахмат академиясы ашылды

31 Jan 2025

Қазақмыс техникалық селеннің алғашқы партиясын жөнелтті

22 Jan 2025

Қазақмыс қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды күшейту үшін жаңа ұжымдық шартқа қол қойды

21 Jan 2025

«Қазақмыс» компаниялар тобы Шығыс Жезқазған кенішінің «Анненск» шахтасында болған қайғылы оқиға туралы өкінішпен хабарлайды.