19 Сәу 2024

Әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына 40 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

Қазақмыс, KAZ Minerals, АлтынАлмас, Қаражыра және RBK Bank компаниялар тобы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсету үшін қосымша 40 миллиард теңге аударады.

Бөлінген қаражат инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге және әлеуметтік нысандарды: балабақшаларды, мектептерді, ауруханаларды, сондай-ақ тұрғын үйлерді салуға жұмсалатын болады.

Компаниялардың Директорлар кеңесі:

- Ел мұндай қиын жағдайды көптен бері көрмеді. Бұл еліміз үшін ауыр сынақ болуда. Біз су тасқынына жалғыз қарсы тұру мүмкін емес екенін түсінеміз. Сондықтан су тасқынына қарсы күреске барлығымыз күш саламыз. Біз әлеуметтік бағдарланған компаниялар ретінде қиын сәтте шетте қала алмаймыз. Барлық зардап шеккен тұрғындар жақын арада үйлеріне оралады деп сенеміз.

Сонымен қатар, бұған дейін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек пен қажетті арнайы техникалар жіберген болатын.

Сондай-ақ, Kaz Minerals Тобы мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында су басқан өңірлерінде апаттың салдарын жою үшін 800 миллион теңге аударған.

Новости по теме

Новости по теме

16 Jan 2026

Руслан Өскенәлі Жезқазған өңірінің кәсіпорындарын аралады

16 Jan 2026

Шу ауданында «Шатыркөл» каналы арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту жұмысы аяқталды

05 Jan 2026

Руслан Өскенәлі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы қызметіне кірісті

29 Dec 2025

Қазақмыс өндірістік және әлеуметтік қызметінің қорытындысын шығарды

10 Dec 2025

Қазақмыс жаңа акционерге көшу туралы негіздемелік келісімге қол қойылғанын хабарлайды

09 Dec 2025

Қазақмыста 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды