«ҚАЗАҚМЫС» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Құжатты жүктеу

1997 жылдың 10 тамызында Жезқазған қаласында бірегей медициналық орталық пайдалануға берілді.

1997 жылдың 17 қазанында «Қазақмыс» корпорациясы құрған «Подробности» газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді.

1998 жылдың 23 қаңтарында Жезқазған қаласында Қ.И. Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік мұражай (01.08.1997 жылы құрылған) ашылды.

1998 жылдың желтоқсанында Жезқазған аграрлық-техникалық колледжінің (ЖАТК) тау бөлімінің жанында «Горняк» оқу-өндірістік кешені құрылды. 2005 жылы ЖАТК негізінде Жезқазған политехникалық колледжі (ЖПТК) құрылды, оның құрамына «Тау-кен ісі» бөлімшесі болып атауы өзгерген «Горняк» ОӨК кірді.

Сәтбаев қаласында Қазақмыс корпорациясының бастамасымен салынған мәдени орталықтың құрылысы аяқталды.

2000 жылдың 15 наурызында Жезқазған медициналық орталығы ашылды.

2014 жылға дейін медициналық орталық «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС құрылымдық бөлімшесі болды. 2015 жылдан бастап клиника «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сенімгерлік басқаруымен жеке заңды тұлға болып қайта құрылды.

2014 жылдан бастап орталық құрамына Сәтбаев қаласындағы емхана, мыс балқыту зауытының жанындағы денсаулық орталығынан басқа Сәтбаев пен Жезқазғандағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС денсаулық орталықтары, сонымен қатар Жомарт кенішінің сауықтыру орталығы кірді. 2015 жылдан бастап Медициналық орталыққа Сәтбаев қаласының травматологиялық клиникасы (бұрынғы медициналық-санитарлық бөлім) қосылды.

Қазіргі уақытта медициналық орталық алғашқы медициналық - санитарлық көмектен бастап жоғары технологиялық операцияларға дейін кең ауқымды медициналық қызметтер көрсетеді және Қазақстанның жетекші клиникалары мен Фрайбург (Германия) қаласының Уни-клиникасымен ынтымақтасады.

2001 жылдың 26 маусымында Жезқазған қаласында «Қазақмыс» корпорациясының қайырымдылық қаражатына салынған және дін басыларына сыйға берілген Первозванный Андрей шіркеуі ашылды.

Сәтбаев қаласында «Қазақмыс» корпорациясының қайырымдылық қаражатына салынған жаңа мешіт 2002 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына өтеусіз берілді.

2002 жылы Сәтбаев қаласында 50 метрлік (700 орындық) жүзу бассейнін, мұз сарайын (2600 орындық), жабық футбол стадионын (2500 орындық), 2 тренажер залын, үстел теннисіне арналған залды қамтитын спорттық-сауықтыру кешенін салуға бағытталған ауқымды әлеуметтік жобаның құрылысы басталды. ССК 2006 жылы ашылды. 2014 жылы ССК Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына өтеусіз берілді.

2003 жылы Жезқазған қаласында «Қазақмыс» корпорациясының қаражатына салынған таэквондо жаттығуларына арналған спорт кешені пайдалануға берілді.

Спорт кешені 2014 жылы «Олимп» Жезқазған қалалық жастар және спорт қоғамдық қорына берілді, ол әлі де жұмысын жалғастыруда.

2003 жылы «Қазақмыс» корпорациясы Сәтбаев қаласындағы № 1 орталық қалалық аурухананы күрделі жөндеуден өткізу және қайта құру үшін қаражат бөлді.

2004 жылы "Қазақмыс" қайырымдылық қаражатына салынған Сәтбаев қаласындағы православиелік Қасиетті Никольский ғибадатханасы ашылды және дін басыларына өтеусіз берілді.

2007 жылы Балқаш қаласында Қазақмыс иелігіндегі Р.Кенбаев атындағы санаторий-профилакториінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2018 жылы шипажай республикалық меншікке (өтеусіз) берілді, қазіргі таңда Балқаш қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалы болып табылады.

2007 жылы 1965 жылы пайдалануға берілген Балқаш қаласындағы «Металлург» спорт кешені футбол алаңына трибуна және жасанды жасыл жабын орнату арқылы толық қайта құрылды. Спорт кешенінің жанында Қарағанды облысы бойынша екінші лигаға қатысатын футбол командасы құрылды. 2014 жылы «Металлург» спорт кешені Балқаш қаласының коммуналдық меншігіне өтеусіз берілді.

2008 жылдың 27 мамырында Жезқазған қаласының «Қазақмыс "корпорациясының технологиялық колледжі» ЖМ ашылды

2009 жылдың 14 қыркүйегінде Балқаш қаласында «Қазақмыс» корпорациясының ЖМ политехникалық колледжі ашылды. Құрылтайшысы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС.

2011 жылы Қарағанды қаласында Корпорация қаражаты есебінен Тәуелсіздік стеласы салынды, Қ.И. Сәтбаевқа (Вокзал маңында), Қ.Р. Аманжоловқа (Сәкен және Кривогуз көшелерінің қиылысында), Қазыбек биге (облыс әкімдігі алдындағы алаңда) ескерткіштер орнатылды.

2011 жылдың 07 қазанында корпорацияның бастамасы бойынша Жезқазған өңірінің кәсіпкерлері мен өнеркәсіпшілерінің қауымдастығы құрылды, оның негізгі мақсаты өңір халқын кеңінен жұмыспен қамту және «Қазақмыс» корпорациясымен өзара әрекеттесетін кәсіпорындарды дамыту.

2011 жылдың 22 қарашасында корпорацияның қаражаты есебінен салынған Қарағанды қаласындағы Теннис орталығы мен Мұз сарайы ашылды.

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен өзара ынтымақтастық туралы жасалған меморандумдар аясында 2012-2014 жылдар барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің 40 әлеуметтік нысаны Қарағанды облысының коммуналдық меншігіне және 13 әлеуметтік нысаны (мәдениет үйлері, балабақшалар, стадиондар, спорт кешендері және т.б.) Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне өтеусіз берілді.

«Қазақмыс» компаниясының қаржылай қолдауының арқасында 2015 жылы Байқоңыр станциясынан 20 шақырым жерде 1727 жылы жоңғарларды талқандауда (Бұланты шайқасы) жеңіске жеткен қазақ батырларының құрметіне ескерткіш стела орнатылды. Стела Қазақ хандығының 550 жылдығына орай орнатылған болатын.

«Қазақмыс» корпорациясының қаражаты есебінен 2015 жылы Жезқазған және Сәтбаев қалаларын көгалдандыру бағдарламасы іске асырыла бастады. бұл бағыттағы жұмыстар 2025 жылға дейін жүзеге асырылмақ.

2018 жылдың желтоқсан айында «Қазақмыс» корпорациясының қаржылай қолдауымен Жезқазған қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан Кеңгір кентінде «Ұлы дала» гипермаркеті ашылды. Сонымен қатар, 2019-2020 жылдар аралығында Сәтбаев қаласында 10 шағын маркет, Жезқазған қаласында 8 шағын маркет ашылды.

Қарағанды облысының Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың бес жылдық (2019-2023жж) бағдарламасының негізгі бағыттары – сумен жабдықтау, ТКШ, абаттандыру, тұрғын үй қоры, қоғамдық қауіпсіздік, білім, мәдениет, спорт, туризм, денсаулық сақтау. Бағдарлама «Қазақмыс» корпорациясымен бірлестікте жүзеге асырылуда.

Компания қаражатын моноқалалардың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға жұмсауда. «Қазақмыс» корпорациясының арқасында 131 жоба жүзеге асырылуда (компанияның бірлескен бюджеті және республикалық бюджет). Су құбырларын, жылу желілерін қайта жаңарту және газ тарту, тұрғын үй құрылысы, шатырларды, қасбеттер мен жолдарды жөндеу, қоғамдық орындарды абаттандыру, апатты үйлер бойынша мәселелерді шешу және әлеуметтік нысандарды жөндеу, қауіпсіздік және экология мәселелерін шешу көзделген.

2020 жылы Қазақмыс қызметкерлерінің көпбалалы жанұяларына компания атынан қалалардан және басқа елді мекендерден (Жезқазған, Сәтпаев, Балқаш, Қарағанды, Қарағайлы, Топар, Молодежный) 131 пәтер сыйға тартылды. В 2020 году 131 квартиры получили многодетные семьи работников Казахмыс в дар от компании в городах и других населенных пунктах присутствия (Жезказган, Сатпаев, Балхаш, Караганда, Карагайлы, Топар, Молодежный).

«Қазақмыс» компаниясының қаржылық қолдауымен 2020 жылы Сәтбаев қаласында компьютерлік томография жасауға арналған жаңа кабинет ашылды. Жезқазған қаласындағы емханаға қосымша КТ сатып алынды және орнатылды.

2020 жылы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС БЖИ қаражаты есебінен Жезқазған және Сәтбаев қалаларын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Эскулинск жер асты су кен орнына қатысты жобалар іске асырылды (құрылысты аяқтау, қолданыстағы су таратқыштарды ауыстыру және қайта құру), мемлекет тарапынан қаражат бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.

2020 жылы Қазақмыс Тобы өндіріс саласында профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға, жұмысшылардың денсаулығын қорғауға, сондай-ақ аймақтарда коронавирус індетімен күресуге 17 миллиардтан астам қаражат бөлді.

«Қазақмыс» компаниясының бастамасымен және көмегімен 2020 жылы Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалалары мен Ұлытау ауданының жалпы білім беретін мектептері оқытушыларының біліктілігін арттыру үшін кәсіби даму мектебінде зерттеулер жүргізіліп, жұмыс басталды.

2021 жылдың қаңтарында Қазақмыс компаниясының бастамасы бойынша өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламасының бөлігі болып табылатын Сәтбаев қаласының тұрғындарын сауықтыруға бағытталған пилоттық бағдарлама іске асырыла бастады. Үш жыл ішінде барлық шараларды іске асыруға мемлекет пен Корпорация қаражатын қосқанда 5,5 млрд. теңге қажет болады.

Жоғары білікті медицина қызметкерлерін тарту үшін өңірлерде денсаулық сақтау жүйесін қолдау шараларының бірі ретінде Қазақмысымыз медицина қызметкерлері үшін тұрғын үй сатып алу туралы шешім қабылдады. 2021 жылдың көктемінде 52 пәтерді Жезқазған (20), Сәтбаев (12), Балқаш (20) қалаларының медицина қызметкерлеріне беру жоспарланып отыр.