Қызметкерлердің әлеуетін айқындаймыз
Просмотреть вакансииКомпанияны жоғары білікті персоналмен қамтамасыз ету, жоғары корпоративтік мәдениет пен әлеуметтік жауапкершілікті сақтау «Қазақмыс» Тобы үшін басым бағыттар болып табылады. Барлық персонал ортақ мақсатқа жетуге мүдделі болатын ортаны құрмай, ұйымды тиімді басқару мүмкін емес. Экономиканың көптеген салаларында жұмыскерлердің жаппай қысқаруы аясында Қазақмыс адами капитал – Компанияның басты құндылығы деген саясатты ұстанады және өз қызметкерлерін ұстап қалуға арналған бағдарламаларды белсенді жүзеге асырады. Бүгінгі таңда «Қазақмыс» Тобы қызметкерлерінің жалпы саны 38 мың адамды құрайды.
Мамандарды даярлау
2014 жылы бекітілген персоналды басқару Стратегиясын іске асыра отырып, Қазақмыс бүгінгі күннің өзінде персоналды басқаруда жоғары тиімділікті қамтамасыз ететін процестерді жақсартуға, оларды әлемдік тәжірибелер мен стандарттарға сәйкес келтіруге едәуір ресурстар салып, сол арқылы Компанияның құндылығын арттыруда.
Сонымен қатар қалыптасып келе жатқан 2026 жылға дейін персоналды дамыту Стратегиясының негізгі факторы болып табылатын жоғары білікті мамандарды даярлау және оларды Қазақмыс компаниясына тарту, олардың сапалы жұмыс істеуіне жағдай жасау мәселелері ашық күйінде қалуда.
Бүгінгі күні персоналды кәсіптік оқыту және дамыту қауіпсіз әрі тиімді өндірістік процесті іске асырудың негізі болып табылады. Оқытудың міндетті түрлері шеңберінде «Қазақмыс» Тобы компанияларының жұмыскерлері өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі мәселелері және регламенттелген оқытудың басқа да түрлері бойынша жыл сайынғы даярлықтан және білімдерін тексеруден өтеді.
Осы мақсатта Жезқазған және Балқаш аймақтарында Қазақмыстың корпоративтік колледждерінде Кадрларды даярлау және қайта даярлау орталықтары жұмыс істейді, оларда курстар мен жұмыс кәсіптерінің 61 атауы бойынша оқыту жүргізілуде. Заманауи материалдық базасы мен тәжірибелі оқытушылар құрамы бар корпоративтік колледждер қосарлы оқыту жүйесін іске асыра отырып, Компания кәсіпорындарының жұмыс кадрларына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді.
БАСШЫЛАР ҚҰРАМЫН ДАЯРЛАУ
Басшы жұмыскерлер мен ИТЖ жоғары білікті құрамын даярлау үшін Қазақмыста Компаниялардың құрылымдық бөлімшелерінде кадр резервін қалыптастыру, дамыту және басқару бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бос орындар пайда болған жағдайда негізгі лауазымдарға тағайындау бекітілген кадрлық резервтен жүргізіледі, бұл ретте резервшілер үшін жеке даму жоспарлары (ЖДЖ) әзірленеді. ЖДЖ іске асырылуын бақылау жартыжылдық және жылдық сессиялардың нәтижелері бойынша жүргізіледі.
Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау
Компания жұмыскерлерді әлеуметтік қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық шаралардың кең ауқымын жүзеге асыруда. Олар жұмыскерлердің ең аз қамтылған санаттарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын, көп балалы аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй бөлуді, жұмыскерлерге қызметтік тұрғын үй беруді, ұжымдық шартқа және компанияның ішкі жергілікті актілеріне сәйкес еңбек ұжымдарында тұрақты моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз етуге тікелей әсер ететін басқа да материалдық және қаржылық қолдау шараларын қамтиды.
Басты мақсаттар
«Қазақмыс» Тобының компанияларында еңбекке ақы төлеу жүйесі еңбек үшін әділ сыйақы беру, білікті кадрлардың әлеуетін тиімді пайдалануға және оларды Топтың құрылымдық бөлімшелерінде бекітуге, еңбек өнімділігі мен өнім сапасын жоспарлы түрде арттыруға, өндірістік бөлімшелердің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, өндірістік қызмет және өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарын сақтау нәтижелері бойынша жұмыскерлердің еңбегін ұйымдастыру және ынталандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған кадр саясатын іске асыру қағидаттарына негізделген.
Айлық жалақының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленген. Бұл ретте Топтың барлық жұмыскерлерінің еңбекақысы республикада белгіленген ең төменгі жалақыдан да, ең төменгі күнкөріс деңгейінен де жоғары.
Іске асырылып жатқан бағдарламалар мен жобалардың басты мақсаттарының бірі – Компанияның имиджін тұрақты жетілдіру және арттыру. Қазақмыста әр түрлі әлеуметтік бағдарламалар аясында жұмыскерлерімізді қолдау бойынша үлкен жобалар үнемі іске асырылып отырады, бұл жұмыскерлердің Компанияға деген жалпы бейілділігіне сөзсіз әсер етеді. Атап айтқанда,
2021 жылғы қаңтар-маусым айларында жұмыскерлердің «Қазақмыс» Тобы компанияларының іс-қызметіне тартылу мен бейілділігінің деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізілді, оның нәтижелері корпоративтік мәдениетті одан әрі жетілдіру бойынша шаралар кешенін әзірлеуге мүмкіндік берді.