Компания туралы

«Қазақмыс» Тобы - негізгі активтері кен өндіру саласы мен түсті металлургияда шоғырланған сатылас ықпалдастырылған холдинг. «Қазақмыс» әлемде концентраттағы мысты шығару бойынша 20-орынға (271 мың тонна) және қаралтым және катодты мыс өндіру бойынша 12-орынға (өңделме шикізатты ескерумен тиісінше 377 және 365 мың тонна) ие.

2020 жылы «Қазақмыс» Тобының қосқан үлесі (279 тонна, елдегі жалпы өндірістің 51%-ы) Қазақстан Республикасына күміс өндіретін елдердің әлемдік рейтингінде 11-орынды иеленуге мүмкіндік берді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақмыс» Тобы электр энергиясын өндіру бойынша Қазақстан Республикасында 3-орында, өндіріс көлемі 7 267,53 млн. кВтсағ.

«Қазақмыс» кәсіпорындары - кеніштер, байыту фабрикалары, мыс балқыту зауыттары - үш өндірістік алаңда (Балқаш, Жезқазған, Қарағанды) орналасқан, онда шамамен 37 мың адам жұмыс істейді.

КОМПАНИЯНЫҢ
ҚЫЗМЕТІ

«Қазақмыс» ықпалдастырылған өндірісті компания бола отырып, мысты іздестіру, барлау, өндіру, байыту және қайта өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Компания катодты мыстан басқа құйма алтын мен күміс, күкірт қышқылын, селен мен мыс теллуридін, қорғасын тозаңын да өндіреді. «Қазақмыстың» пайдалы қазбаларды қайта өңдеу саласында үлкен тәжірибесі бар және ол өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырады. Қазіргі уақытта «Қазақмыс» жер қойнауын пайдалануға 30-дан астам келісімшарттар негізінде пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруді жүзеге асырады. «Қазақмыс» өндіріс көлемін одан әрі дамыту және ұлғайтуға қажетті жоғары өндірістік және ғылыми- техникалық әлеуетке, қажетті энергетикалық және отын ресурстарына, заманауи технологиялық және телекоммуникациялық желілерге, білікті кадрларға ие.

«Қазақмыс» Тобының заңды тұлғаларының құрылымы

«Kazakhmys Holding
(Казахмыс Холдинг)» ЖШС

ОГАЙ ЭДУАРД ВИКТОРОВИЧ
ГАЙДИН АНДРЕЙ ПАВЛОВИЧ
Нуриев Нұрахмет Канатұлы
БАЙҒАБЕЛОВ ЖӘНІБЕК АЛТЫНБЕКҰЛЫ
ДЖУМАНБАЕВ ВЛАДИМИР ВИКТОРОВИЧ
Нуржанов Галым Жумабаевич
Кешендер