Speak up

8-800-080-8089

«Қазақмыс» Тобы компанияларында адалдық, айқындылық және шынайылық принциптерін ұстануды көрсететін корпоративтік мәдениетті қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.

Оң бейнені сақтау мақсатында 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Speak Up» қызметінің «жедел желі» функциясы әрекет етеді, оның негізгі міндеті заң бұзушылықтарды, оның ішінде алаяқтық, жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз іс-әрекеттер мен басқа да бұзушылықтарды уақытылы анықтау және оның алдын алу болып табылады.

Ол компания жұмыскерлеріне, серіктестеріне, контрагенттеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға өздерінің күдіктері туралы ғана хабарлап қоймай, сондай-ақ қызықтыратын мәселелер бойынша түсіндірмелер алуға да мүмкіндік береді.

Құпиялылықты және анонимділікті қамтамасыз ету мақсатында барлық алынған хабарламаларды оператор қабылдайды және өңдейді, ол күн сайын келіп түскен хабарламалар туралы есеп құрады және оларды қарау үшін заң қызметі департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты құқықтық сүйемелдеу бөліміне береді.

Сонымен қатар «Speak Up» қызметінің «жедел желі» қызметі қызметкерлер мен контрагенттерге қысым жасау және оларды белгілі бір әрекеттерді жасауға/жасамауға мәжбүрлеу үшін пайдаланылмауы тиіс, сондай-ақ жеке шоттарды мәлімет үшін құрал ретінде қарастырылмауы тиіс.

Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштер тегін «жедел желіге» үш тәсілмен қабылданады: 8-800-080-8089 телефоны арқылы, speakup@kazakhmys.kz электрондық поштаға, компанияның заңды мекенжайы бойынша пошта арқылы (100012, Қарағанды қ., Абай к-сі, 12).

2020 жылы «Speak Up» қызметіне 51 өтініш (2019 жылғы 58 өтінішке қарсы) келіп түсті. Оның 49 (55) өтініші қаралды, есепті кезең соңына 2 (2) өтініш қарастыру үстінде.

Келіп түскен 51 (58) өтініштің 29-ы, немесе 57%-і (41 немесе 71%), еңбек құқық қатынастары, еңбек қорғау және қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарға қатысты, 7 өтініш, немесе 14% (9 немесе 16%) бойынша құрылымдық бөлімшелерін басшыларының әрекеттеріне шағымданған, 5 өтініш, немесе 10% (3 немесе 5%) бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру тәртібі мен қорытындысына келіспеушілік білдірген, 2 өтініш немесе 4% (5 немесе 8%) мүдделер қақтығысы туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат талаптарын сақтауға қатысты, 8 өтініш немесе 15% басқа мәселелер бойынша келіп түскен.

«Speak Up» жедел желісіне келіп түскен өтініштердің сипаты

57%

14%

10%

4%

15%

  • еңбек саласы
  • басшылардың іс-әрекеттері
  • сатып алу саласы
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау саласы
  • басқа мәселелер

Кәсіпорындар бойынша келіп түскен 51 (58) өтініштің статистикасы келесі түрде келтірілген:

  • «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – 32 немесе 62,7% (31 немесе 53,4%-ға қарсы);
  • «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС – 7 (7);
  • «Kazakhmys Distribution» ЖШС – 4 (4);
  • «Жезқазған медицина орталығы» ЖШС – 4 (2);
  • «Kazakhmys Maker» ЖШС – 1 (1);
  • «Қазақмыс» корпорациясының технологиялық колледжі» ЖМ – 1 (0).

Кәсіпорындар бойынша келіп түскен өтініштер статистикасы

32

7

4

4

1

1

  • 32 - «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС
  • 7 - «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС
  • 4 - «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС
  • 4 - «Жезқазған медицина орталығы» ЖШС
  • 4 - «Қазақмыс Мэйкер» ЖШС
  • 4 - «Технологиялық колледж» ЖМ

«Жедел желіге» жүгінгендер арасынан келесі топтарды бөліп көрсетуге болады:

  • компаниялар жұмыскерлері – 38, немесе 74,6% (51 немесе 88%-ға қарсы);
  • компаниялар жұмыскерлерінің туыстары – 7, немесе 13,8% (4 немесе 5%);
  • контрагенттер – 3, немесе 5,8% (3 немесе 11%);
  • «Қазақмыс» компаниялар Тобына кірмейтін басқа кәсіпорындар жұмыскерлері – 3, немесе 5,8%.

«Жедел желіге» хабарласқандар топтары

38

7

3

3

  • компаниялар жұмыскерлері
  • жұмыскерлердің туыстары
  • контрагенттер
  • басқалар

51 өтініштің 15-і, немесе 29,4% (2019 жылы – 58-дің 33-і немесе 56%) бейесімді, өтініш берушілер тегін, атын, әкесінің атын және тұрғылықты мекенжайын айтудан бас тартты. 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бейесімді өтініштердің деңгейі 2020 жылы шамамен 2 есе төмендеді (2019 жылғы 56%-ға қарсы 2020 жылы 29,4%).

15 (33) бейесімді өтініштен 3 өтініш, немесе 20% (13 немесе 39%) бойынша келтірілген дәлелдер тексеріс барысында расталды, 2 ұйғарым шығарылып, 1 адам тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартылды, 10 өтініш, немесе 66,6% (15 немесе 45%) бойынша өтініш берушілер келтірген фактілер шындығына сай келмеді, 1 (4) бейесімді өтініш бойынша түсіндірме берілді, 1 (1) өтініш қараусыз қалдырылды, анықтама жасалды.

Сонымен қатар атап өтетіні, өтініш берушілердің жеке деректерін ашу кезінде өтініштерді шешу тиімділігі айтарлықтай артады және керісінше, есімі көрсетілмегендіктен өтініш берушімен тікелей байланыс болмайды, соның салдарынан барлық дәлелдерді қарау ықтималдылығы төмендейді.

Қаралған 49 (55) өтініштің 12-сі (20) қанағаттандырылды, 25 (28) өтініш бойынша бас тартылды, 11 (6) өтініш бойынша түсіндірме беріліп, 1 (1) өтініш бойынша анықтама құрылды.

«Speak Up» жедел желісіне түскен өтініштерді қарау нәтижелері

12

25

11

1

  • қанағаттандырылған
  • қабылданбаған
  • түсініктеме берілген
  • анықтама жасаған

Мысалы, еңбек заңнамасы, еңбек қорғау және қауіпсіздігі, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру талаптарын сақтау мәселелері және басқа мәселелер бойынша 12 өтініш қанағаттандырылды.

Сонымен, өтініштерді тексеру нәтижелері бойынша шахталардың біреуінің жұмыскерлері үшін санитарлық-гигиеналық жағдай жақсартылды, душ қабылдау бөлмесінде калорифер орнатылды, ӘТК үй-жайында күрделі жөндеу басталды, кәсіпорын маңындағы жолдар абаттандырылды.

Кезекті еңбек демалысын беруден негізсіз бас тарту туралы өтініш қанағаттандырылды, бұзушылықтар жойылды, демалыс берілді.

Жеңіп алынған тендер нәтижелері бойынша шарт жасау кезінде жергілікті актілерді бұзу туралы контрагент өкілінің дәлелдері ішінара расталды. Анықталған бұзушылықтарды жою және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұйғарым шығарылды.

Кеніштердің бірінде жерасты жұмыскерлерін ЖҚҚ және қажетті құралдармен тиісті түрде қамтамасыз ету туралы екі өтініш қанағаттандырылды, бұзушылықтар жойылды.

Тексеру барысында жұмысқа шықпаған жұмыскерге жұмыс күндерін табельге негізсіз қойған басшылардың бірінің іс-әрекетіне жасалған өтініште баяндалған фактілер расталды. Тексеру нәтижелері бойынша ұйғарым шығарылды, 1 лауазымды тұлға тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартылды.

Speak Up «жедел желісіне» өтініш жасағаннан кейін екі жұмыскерге уақытша еңбекке жарамсыздық сомасы төленді және қосымша шығындар өтелді.

Сондай-ақ, өтініште баяндалған дәлелдер әрқашан нақты жағдайларға сәйкес келе бермейді және өз растауын тексеру барысында табады. Қаралған 49 өтініштің 25-і қабылданған жоқ.

Сонымен, еңбек ақы төлеу, пандемия кезеңінде карантин ережесін бұзу, сапасыз тамақтанумен қамтамасыз ету, электр энергиясын негізсіз сөндіру, медициналық бұйымдарды анағұрлым жоғары бағамен сатып алу, ауысымдық кестесін өзгерту және өзге мәселелер бойынша 10 бейесімді өтініште көрсетілген дәлелдер растауын таппады. Аталған өтініштердің бейесімді болуына байланысты өтініш берушілермен тікелей байланысқа шығу мүмкіндігі болмады, салдарынан барлық дәлелдерді қарау мүмкіндігі айтарлықтай төмендейді.

Тәртіптік жауапкершілікке негізсіз тарту, еңбек шартын бұзумен келіспеу, жеңіл еңбекке ауыстыру мүмкіндігін ұсынбай негізсіз жұмыстан шығару, тұрғын үйге мұқтаждар тізімінен негізсіз шығару, контрагенттерді таңдау кезінде заңсыз артықшылық беру туралы бірқатар өтініштер бойынша, сондай-ақ күшіне енген сот шешімдері бар өтініштер бойынша қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды.

Қаралған 49 өтініштің ішінен зейнеткерлерге көмек көрсету, алғашқы мүгедектікті ресімдеу, еңбек жарақаты мен кәсіптік ауру бойынша зиянды өтеу, мүгедектік нәтижесінде жеңіл еңбекке ауыстыру, көп балалы аналарға материалдық көмек көрсету мәселелері бойынша 11 өтініш бойынша түсініктемелер берілді.

Осылайша, «жедел желіге» өтініш беруші жүгініп, өзінің зейнеткер екенін, алайда өзі жұмыс істеген кәсіпорын оған назар аудармайтынын, мерекелермен құттықтамайтынын, көмек көрсетпейтінін хабарлады. Өтініш берушіге «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жанындағы «Ардагерлер кеңесі» ҚБ-ға жүгіну жолымен есепке қою тәртібі түсіндірілді.

Алғашқы мүгедектікті ресімдеуге және тиесілі ақшалай төлемдерді алуға қатысты төрт өтініш бойынша еңбек жарақаты мен кәсіптік ауру бойынша зиянды өтеу, мүгедектік нәтижесінде жеңіл еңбекке ауыстыру тәртібін және құжаттар тізбесін көздейтін қолданыстағы заңнама мен компанияның жергілікті актілерінің талаптары түсіндірілді.

Өтініш берушілер қажетті мәліметтерді көрсетпейтін жағдайлар да болады, бұл өтінішті қарау сапасына, мерзімдеріне, қабылданған шаралардың тиімділігіне әсер етеді. Мысалы, қандай да бір мәліметтердің болмауына байланысты кәсіпорындардың біріне жүк жеткізген машина жүргізушісінің өтініші қараусыз қалдырылды. Өтініш беруші жүк тиеушілердің болмағаны және 1,5 сағат бойы тұрып қалғаны үшін шағымданды. Өтініште ол қоймашылар мен жүк тиеушілерді айыпталушы ретінде көрсетті, бірақ олардың аты- жөндерін, сондай-ақ орналасқан жерін көрсетпеді. Бұл мәліметтерді анықтау мүмкін болмады, нәтижесінде бейесімді өтініш қараусыз қалдырылды.

«Speak Up» қызметінің жұмысына жүргізілген мониторинг «Speak Up» қызметінің жұмысына деген қажеттіліктің әлі де жоғары деңгейде екенін көрсетті, келіп түскен өтініштердің сипаты осыны айғақтайды, өтініштерді уақтылы, сапалы және толық қарау қамтамасыз етіледі, бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданады.

«Қазақмыс» Тобы компанияларының жұмыскерлерін қолданыстағы «жедел желі» туралы хабардар ету жөніндегі жұмыстар компанияның Instagram және Телеграм мессенджерлеріндегі корпоративтік парақшаларында, сондай-ақ Қазақмыс ресми сайтында қолжетімді түрде ақпарат тарату жолымен жалғастырылады, онда кез келген адам «Speak Up» қызметінің мақсаттарымен, қағидаттарымен және міндеттерімен таныса алады.