Өнірлерді дамыту

Біздің әлем үнемі өзгеру үстінде, Қазақстанның саяси және экономикалық жүйесінде болатын өзгерістер бизнес, мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастарда жаңа вектордың пайда болуына себеп болды. Әлеуметтік әріптестіктің жаңа деңгейіне өту үшін өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық және басқа күрделі сұрақтарды бірлесіп шешуде әділ қажеттілік туындайды.

Жезқазған және Балқаш өңірлері үлкен әлеуетке ие, бұл жерде маңызды табиғи ресурстар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, құнарлы жер, еңбекқор тұрғындар шоғырланған.

Жергілікті атқарушы биліктердің, компания мен тұрғындардың бірлесіп күш салуы өңірлерге одан әрі дамуға және осы өңірлерде тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Өңірлердің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізу үшін «Қазақмыс» корпорациясы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлердің дамуының негізгі векторларын анықтаған:

  • қалалардың инфрақұрылымын қалпына келтіру – өңірлердің тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, инженерлік коммуникацияларды қалпына келтіру, қалалардың тұрғын үй қорын жаңарту және кеңейту, аулаларды, көшелер мен бақтарды абаттандыру және көгалдандыру;
  • әлеуметтік сұрақтарды шешу – орта және мектепке дейінгі білім, медициналық қызмет көрсету сапасын, өңірлерде өмір сүрудің қауіпсіздік деңгейін арттыру есебінен тұрғындар үшін қолайлы ортаны жақсарту, мәдениеттің, туризмнің, бос уақыт өткізудің және спорттың қосымша объектілерін құру.

«Қазақмыс» корпорациясы барлық өз қызметін жүзеге асыру кезінде өзі орналасқан өңірлердің әлеуметтік мәселелерін шешуге ерекше назар аударады.

Біз әрқашан компанияның тұрақты дамуы өңірлердің әл-ауқаты мен дамуына тікелей байланысты екенін түсіндік.

Қала құраушы кәсіпорын ретінде біздің рөліміз:

  • жергілікті халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуден;
  • мемлекетке салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша өз міндеттемелерді уақытылы және толық орындаудан;
  • корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің жобаларын іске асырудан тұрады.

Сонымен бірге, бизнесті сәтті жүргізу білікті, әлеуметтік қорғалған персонал мен өңірдегі тұрақты жағдаятқа байланысты екенін түсініп, Компания жүргізілетін әлеуметтік саясатқа жүйелі тәсілді қолданады.

Сөйтіп, 2020 - 2025 жылдарға Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларын тұрақты дамыту аясында Корпорация қалалар мен облыстың әкімдіктерімен бірлесіп жобаларды келісіп, оларды іске асыру бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде.

Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалаларын және Ұлытау ауданын тұрақты дамыту бойынша жобаларды іске асыру үшін «Қазақмыс» компаниясы негізгі әлеуметтік жобаларға бағытталатын болатын 2020 – 2023 ж.ж. бойы 19 млрд. астам теңге жалпы сомасына ақша қаражатын бөлуді жоспарлады.

Мұның өзінде халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының тұрғын үй сұрақтарын шешуге, бастауыш білім, денсаулық сақтау сапасын, қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға және азық-түлік нарығын тұрақтандыруға баса назар аударылған.

Сумен жабдықтау және коммуникация

Жезқазған өңірінде сумен жабдықтау, негізінен, Кеңгір су қоймасынан және жерасты қайнар бұлақтарынан (Үйтас-Айдос және Есқұла) жүзеге асырылады. Қазіргі таңда екі қаланың халқына судың 55 %-ы және өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарына судың 100 %-ы Кеңгір су қоймасынан беріледі, оның сапасы оны толтыру деңгейіне байланысты.

Балқаш қаласы және Саяқ кенті Тоқырау кен орнынан ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі. Техникалық су көлден беріледі. Осы өңірдің негізгі мәселесі су беретін құбырлар мен қалалық коммуникациялардың елеулі тозуынан тұрады.

«Қазақмыс» корпорациясы келесі міндеттемелерді өзіне алды:

  • Есқұла мен Үйтас-Айдос жерасты қайнар бұлақтарынан Жезқазған және Сәтбаев қалаларын ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларын іске асыру үшін барлық қажетті жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу. Жобалау институтымыз Есқұла бойынша үш ЖСҚ әзірлеп, келісіп, мемлекетке беріп қойған, олардың негізінде республикалық бюджеттен қаражат бөлінген және құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Тағы екі жоба 2021 жылы берілетін болады. Барлық жоғарыда аталған жобаларды іске асыру 2025 жылға қарай Есқұла кен орнынан су беруді 11 млн.м3 бастап 30 млн.м3 дейін, Үйтас-Айдос қайнар бұлағынан 10,5 млн.м3 бастап 26,4 млн.м3 дейін кезең-кезеңмен ұлғайтуға мүмкіндік береді және қалаларымызды таза ауыз сумен 100 %-ға қамтамасыз етеді;
  • осымен қатарлас, Үйтас-Айдос су таратқышының жиі апаттық жарылуына байланысты және Жезқазған қаласының халқын шаруашылық ауыз сумен үзбей қамтамасыз ету мақсатында, корпорация 2020 жылы жағалаулық сорғы өнеркәсіптік су жинағыштан бастап ЖЖСЖК тазартым имараттарына дейін резервтік су таратқышты шұғыл ретпен салып, іске қосты.
  • су ресурстарын басқару мәселесін кешендік шешу және Жезқазған және Сәтбаев қалаларын сумен жабдықтау және су тарту сенімділігін арттыру мақсатында біз Тұжырымдаманы және техникалық-экономикалық есептеулерді әзірлеу үшін арнайы ұйыммен шарт жасастық;
  • Сәтбаев, Балқаш қалаларын және Саяқ кентін сумен жабдықтау, су тарту инженерлік желілерін және тазартым имараттарын қайта жаңартуға көмек көрсетуге қатысты Бас жобалау институты сонымен қатар бірқатар ЖСҚ әзірлеуде.

Тұрғын үй мәселелері

Тұрғын үй мәселелерінде негізгі сұрақтар мемлекеттік тұрғын үй қорының үлкен тозуы және мемлекеттен тұрғын үй алу үшін халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарынан қалыптасқан кезек болып табылады. Осы мәселелерді шешуде «Қазақмыс» корпорациясы белсенді қатысуда.

2019 жылдың мамырында мемлекетпен қол қойылған меморандум негізінде біз 10 төрт бөлмелі пәтерді сатып алып, корпорацияның көп балалы қызметкерлеріне сыйладық.

2020 жылы корпорация 133 көп балалы отбасыға тұрғын үй сыйлады. Толық жайластырылған, жөнделген, жаңа жиһаз мен тұрмыстық техника қойылған үй меншікке толық өтеусіз негізде берілген. Жаңа қоныстанушылар Сәтбаевтан, Жезқазғаннан, Балқаштан, сонымен қатар Қарағандыдан, оның төңірегінен және Нұр-Сұлтаннан «Қазақмыс» компаниялары құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлері болды. Компанияның көп балалы жұмыскерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бағдарламаны іске асыруды жалғастыру мәселесі қарастырылуда.

Сонымен қатар 2021 жылы Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалаларының медициналық ұйымдарының жұмыскерлеріне пайдалануға тұрғын үйді беру туралы шешім қабылданды.

Жезқазған өңірінің апаттық тұрғын үй қорының мәселелерін шешу үшін корпорация республикалық бюджеттен қаржыландыруды қорғау үшін әкімдіктерге ЖСҚ одан әрі табыстау арқылы көп қабатты тұрғын үйлерді салуға жобалау құжаттамасын әзірлеуде.

Білім беру

Өңірде бастауыш және орта білім берудің негізгі мәселелері орта мектептер педагогтарының біліктілік деңгейінің жеткілікті болмауы, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тапшылығы (өңір бойынша 2 жастан бастап 6 жасқа дейін балаларды қамту 76 % құрайды) және қосымша білім беру жүйесінің дамымауы болып табылады.

Осы мәселелерді шешуге көмек көрсету үшін біз келесі шараларды қолдандық:

  • 2020 жылдың көктемінде республикалық Педагогикалық шеберлік орталығының күшімен мектептер педагогтарының біліктілік деңгейін және қамтамасыз етілуін тексеру жүргізілді. Ұқсас зерттеулер бұрын өңірде жүргізілмеген. Зерттеулер нәтижелері бойынша Жезқазған қаласында Кәсіби даму мектебін ашу туралы шешім қабылданды. Бұл мектепте барлық облыстың орта мектептері мен гимназияларының мұғалімдері өз кәсіби деңгейін арттыра алады, және сәйкесінше, олардың еңбек ақысының мөлшеріне оң әсер етеді. Мектеп жұмысын 2020 жылдың тамызында бастап, өз оң нәтижелерін беруде.
  • Біз 2021-2023 жылдар бойы жетпей тұрған балабақшаларды, соның ішінде Жезқазғанда - 4, Сәтбаевта - 1, Балқашта – 3 балабақшаны кезең-кезеңмен қаржыландырамыз, саламыз, жабдықтаймыз және мемлекетке пайдалануға береміз. Жобалау құжаттамасын әзірлеу басталып қойған, құрылыс үшін учаскелер анықталған.
  • Әкімдіктердің сұрауы бойынша, орта білім беру объектілерін салу мен жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге қатысты көмек көрсетілуде, оның ішінде балаларды робот жасауға, компьютерлік бағдарламалауға және т.б. үйретуге жағдай жасау үшін Сәтбаев қ. С. Сейфуллин атындағы гимназия базасында STEM-зертханасы бар.
  • Қазақстан мен Ресейдің ірі қалаларында заманауи орталықтар тәрізді «Ерте кәсіптік бағдар орталығы мен сервис академиясын қоса алғанда, Білім беру және жұмысқа орналастыру орталығын» ашу үшін бағдарлама әзірленген және Сәтбаев қаласында үй-жай таңдалған. Осы орталықты 2021 жылдың соңында ашу жоспарлануда. Орталық балаларымызға болашақ кәсіптерімен танысуға және ерте жастан өз әлеуетін ашуға, ал жастарға еңбек нарығының мұқтаждығына арнап өз еңбек мамандығын кәсіби түрде қайта бағдарлауға мүмкіндік береді.
  • Жергілікті атқарушы органдардың өтініштеріне сай, біз қалалық білім беру объектілеріне де басқа көмекті көрсетудеміз. Сөйтіп, 2020 жылы Жезқазған қаласында салынған мектепті материалдық-техникалық жабдықтауға қаржыландыру бөлінген, сонымен қатар орта мектептердің қашықтан білім беруге өтуіне байланысты корпорация 922 дербес компьютер, 201 роутер сатып алып, өңірлердің мектептеріне сыйлаған.

Денсаулық сақтау

Өңірлерде денсаулық сақтаудың негізгі мәселелері – бұл «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС қоспағанда, заманауи деңгейдегі емханалардың болмауы, бар медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуының жеткілікті болмауы, біліктілік деңгейінің жеткілікті болмауы, медициналық персоналдың тапшылығы және әлеуметтік қорғалмауы, ауруларды кеш диагностикалау, халықтың салауатты өмір салтына бейілділігінің әлсіз болуы.

Корпорация 2019 жылы Оңтүстік Кореяның жетекші емханасы Северанс госпиталімен Бірлескен жұмыс және ынтымақтастық жасау туралы меморандумды жасасты. Ынтымақтастық аясында Жезқазған медициналық орталығының дәрігерлері мен медбибілерінің тәжірибемен алмасуы, кеңес алуы және оқытылуы жүргізілуде. 2019 жылдың тамызында Медициналық орталықта Оңтүстік Кореядан келген дәрігерлер оңалту аптасын ұйымдастырды, «Телемедицина» жобасы енгізілді, оның арқасында 2020 жылдан бастап Северанс дәрігерлерімен онлайн-кеңестер өткізілуде.

2019 жылдың қазанынан Сәтбаев қаласында денсаулық сақтау жүйесінің бірқатар ғылыми зерттеуі жүргізілді, оның барысында зертханалық-құралдық зерттеулерді одан әрі жүргізумен әртүрлі санатты 1 000 респондент сұралған болатын. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық деңгейдегі сарапшылар, ғылыми кеңесшілер, облыстық Денсаулық сақтау басқарамасының және «Қазақмыс» корпорациясының өкілдері кірген жұмыс тобы құрылған болатын.

Зерттеулер нәтижелері бойынша Сәтбаев қаласында қоғамдық денсаулық саласындағы неғұрлым басым және күрделі мәселелер анықталды, Қала халқының денсаулығын нығайту мен сақтаудың 2021 – 2023 ж.ж. арналған бағдарламасы әзірленіп, Қарағанды облысының әкімдігімен келісілді.

Бағдарлама бюджеті 5 млрд. астам теңгені құрайды, ол республикалық, жергілікті бюджеттер қаражатынан және «Қазақмыс» корпорациясының қаражатынан қаржыландырылатын болады.

Сәтбаев қаласының осы бірегей жүйелі тәсіл қолданылған болатын Қазақстанда жалғыз қала болып табылатынын атап өткен жөн.

Халықтың денсаулығын нығайту мен сақтау жөніндегі ұқсас бағдарламалар да Балқаш пен Жезқазған қалалары үшін әзірленуде.

Сәтбаев қаласында заманауи типті жаңа емхананы салу мүмкіндігі мен нұсқалары қатарлас зерделенуде.

Сонымен қатар компания дүниежүзілік короновирус пандемиясымен күресуде белсенді атсалысуда. Компания кәсіпорындарында инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қажетті шараларды қолданудан басқа, біз облыстың әкімдігінің сұрауы бойынша қажетті медициналық жабдықты, ЖҚҚ және дәрі-дәрмектерді сатып алып, Қарағанды облысының денсаулық сақтау объектілеріне пайдалануға бердік.

«Қазақмыстың» тағы бір маңызы жобасы – Жезқазғанда, Сәтбаевта және Балқашта тұратын жұмыскерлердің отбасыларынан мүгедек балаларды оңалту және сауықтыру үшін жағдай жасау. «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС базасында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалтуға маманданатын балалар орталығы ашылған. Емделуге жұмсалатын шығындарды компания өзі төлейді.

Қоғамдық қауіпсіздік

Қоғамдық қауіпсіздік жоғары өмір сүру сапасын бағалау үшін ең маңызды басымдықтардың бірі болып табылады. Общественная безопасность традиционно является одним из важнейших приоритетов для оценки высокого качества жизни.

Қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін мынадай жобалар іске асырылуда:

  • 2020 жылдың сәуірінде Есенберлин к-сі, 7-7А-9 тұрғын үйлерін және № 3 орта мектебін бейнемониторингілеумен және жарықтандырумен толық қамтитын, Жезқазған қаласында «Қауіпсіз аула» сынамалы жобасы пайдалануға берілген болатын;
  • компанияның бастамасымен бейнемониторинг желісін масштабтау бағдарламасын әзірлеу бойынша әкімдіктің, құқық қорғау органдарының, корпорация мен арнайы ұйымның өкілдерінің қатысуымен Сәтбаев қаласында жұмыс тобы құрылған болатын. Осы топтың жұмыс қорытындысы бойынша «Нұрлы-мекен» жаңа ауданын бейнемониторингпен бірінші кезектегі жабдықтау туралы шешім қабылданды. Осы жобаны іске асыруға арналған шарт жасалды, әкімдік өз кезегінде, осы жүйеге одан әрі техникалық қызмет көрсету үшін бюджет қаражатын қарастыру тиіс;
  • қауіпсіздік, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен ашылуының деңгейін арттыру полицияның жедел жұмыскерлерінің жеткілікті материалдық-техникалық жабдықталуынсыз мүмкін емес екенін түсіне отырып, біз көлемді келісіп, қажетті көмекті көрсетудеміз.

Абаттандыру, көгалдандыру, минимаркеттер салу

Корпорация бірнеше жылдар бойы Кеңгір су қоймасының жағалауында көгалдандыру және ағаштарды күтіп-ұстау бойынша іс-шараларды жүргізуде. 2020 жылдан бастап аумақты көгалдандыру бойынша іс-шаралар Сәтбаев қаласында жүргізілуде.

Қалалар аумағын абаттандыруға жүйелі тәсілді қолдану үшін Корпорация Кенші қаласы стандартының тұжырымдамасын әзірлеуге шарт жасасты, оған сүйене отырып біз азаматтардың тұру жағдайларының жайлы болуын арттыру бойынша одан әрі жүргізілетін іс-шараларды жоспарлайтын боламыз.

Корпорация заманауи стандарттар бойынша Жезқазған және Сәтбаев қалаларының аула аумақтарын абаттандыруды бастады.

Ютария компаниясын қатыстыру арқылы Жезқазған өңірінде әлеуметтік маңызды тауарларға бағаларды тұрақтандыру бойынша шаралар қолдануда.

Бұрын, 2018 жылы, өңірде ең ірі сауда орталығы - «Ұлы Дала» гипермаркеті ашылған болатын. Жаңа бағдарлама аясында біз осы әлеуметтік жобаны дамытуды жалғастырдық.

2020 жылы Жезқазған және Сәтбаев қалаларында ULY DALA 20 мини-маркеттерінен тұратын бөлшек сауда желісі салынып, іске қосылды. Балқаш қаласында 10 іспеттес мини-маркетті салу мүмкіндігі қарастырылуда.

Туризмді, мәдениет пен спортты дамыту

Саяхатшыларлы тарту үшін жерлердің бір Қазақстанның ұлттық тарихымен тығыз байланысты Ұлытау киелі таулары болып табылады.

Елдің үкіметі, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Ұлытауда туризмді дамыту бағдарламасын іске асыруға кірісуде.

Қазақмыс осы бағдарламаны сәтті және жедел іске асыруға мүдделі. Жергілікті атқарушы органдардың өтініштеріне сай, біз бірқатар туристік объектілер үшін ЖСҚ әзірлеуге қаржыландыру бөлдік.

Осыдан басқа, біз өңірде кен ісі мен металлургияның қалыптасуының тарихи орындарын зерттеу мен насихаттау бойынша жұмысты бастап, оларды туристік бағыттарға одан әрі қосатын боламыз.

Мәдениетті дамытуға жәрдемдесуге қатысты, біз С. Қожамкұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрын жөндеу, жабдықтау және репертуарын үлкейту үшін қаражатты бөлуді жоспарлаудамыз.

Салауатты өмір салтына насихаттау және жастарды спортпен айналысуға тарту үшін «Қазақмыс» өңірге «Намыс» спорт клубын тартты.

Намыс СК меценаттар қаражаты есебінен өңірде спорттың олимпиадалық түрлерін дамытуда. Ең үлкен күрес залы ашылған «Канск» СК қалпына келтірілді. Орта мектептерде спорттың ойын түрлері бойынша қосымша сабақтар ұйымдастырылып, қажетті құралдар алынды. Жезқазған қаласында балалар-жасөспірімдер спорт академиясын салуға тұжырымдама әзірленіп, ЖСҚ әзірлеу басталды.