Еңбек қорғау
және қауіпсіздік

Қазақмыс, Қазақстан Республикасындағы ең ірі мыс өндіруші және елдің табиғи ресурстарды өндіру мен қайта өңдеу бойынша жетекші корпорациясы бола отырып, еңбек қауіпсіздігін арттыруды әлеуметтік жауапкершілік пен бизнес тұрақтылығының негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырады.

Біздің басты ресурсымыз - ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін еңбек ететін адамдар. Сондықтан «Қазақмыс» жұмыскерлерінің қауіпсіздігі мен денсаулығы - басшылықтың басты міндеті.

Қазақмыстың қағидаттары

Жарақаттану жоқ

Өндірістегі жарақаттарға мүлдем төзбеушілік қағидаты «Қазақмыс» кәсіпорындарында өндірісті ұйымдастырудың негізі болып табылады.

Басшылық барлық жарақаттардың алдын алуға болатынына сенеді және өз күш-жігері мен инвестицияларын барынша қауіпсіз жұмыс орындарын ұйымдастыруға бағыттайды

Халықаралық стандарттарға сәйкестік

Өндірістік объектілерде қауіпсіздікті басқару бөлігінде үздік әлемдік стандарттарды сақтау қағидаты «Қазақмыстың» ӨҚ және ЕҚ (ӨҚжЕҚБЖ) басқару жүйесінің негізіне алынған

Үздіксіз жетілдіру

Салалық және әлемдік тәжірибеге сәйкес тұрақты даму қағидаты және өндірістегі қауіпсіздікті басқарудың тиімділігін арттыруға және еңбек сыйымдылығын төмендетуге арналған заманауи цифрлық технологияларды енгізу

Қазақмыс стратегиясы

ӨҚ және ЕҚ басқару жүйесі

Қазақмыс басшылығы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін қорғауға ниетті. Қолданыстағы басқару құрылымы ұйымның барлық деңгейлерінде мақсаттар қоюға және жарақаттану мен апаттар қаупін азайту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға ресурстар бөлуге мүмкіндік береді.

Компанияның ЕҚ және ӨҚ саласындағы стратегиясын іске асыруды тікелей басқару ӨҚ және ЕҚ саласындағы стратегиялық шешімдерді қарауды және қабылдауды, тиімділікті арттыру жөніндегі жоспарларды қалыптастыруды және енгізуді жүзеге асыратын директорлар Кеңесі жанындағы тұрақты жұмыс істейтін ӨҚ және ЕҚ Комитеті деңгейінде жүргізіледі.

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ
ӨҚ және ЕҚ КОМИТЕТІ

Мақсаттар қою және мониторингілеу, басымдықтарды белгілеу, ресурстармен қамтамасыз ету

КБК
ӨҚ және ЕҚ КОМИТЕТІ
СМЕЛТИНГ
ӨҚ және ЕҚ КОМИТЕТІ
ОЭК
ӨҚ және ЕҚ КОМИТЕТІ

Мақсаттарға қол жеткізу мониторингі, жоспарларды қалыптастыру және бизнестер деңгейінде ресурстарды бөлу

КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ
ӨҚ және ЕҚ КЕҢЕСТЕРІ

Қатерлер мен тәуекелдерді талдау, оларды төмендету үшін іс-шараларды қалыптастыру және іске асыру

ЕҚ және ӨҚ басқару жүйесі

ЕҚ және ӨҚ басқару жүйесінің негізгі функциялары - бүкіл өндірістік цикл бойында жұмыскерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін ықтимал қауіптер мен тәуекелдерді анықтау және жою. Компанияда «Жоспарла – орында – тексер – әрекет ет» (PDCA) әдіснамасы және апаттар мен оқиғалардың алдын алуға тәуекелді бағытталған тәсіл қолданылады. Тәуекелдерді бағалау, қауіпсіздік аудиті, оқиғаларды тергеп-тексеру, үздік тәжірибелерді тарату тұрақты негізде жүргізіледі.

  • Қауіпті жағдайлармен, әрекеттермен және технологиялық операциялармен байланысты негізгі тәуекелдерді анықтау және бағалау;
  • Түзету іс-шараларын әзірлеу және іске асыру;
  • Оқиғаларды бақылау, талдау және тергеп-тексеру;
  • Қызмет нәтижелерін талдау, түзету және жаңа мақсаттар қою

ҚАУІПТІ ЖАҒДАЙЛАР

Тәуекелдерді бағалау процесін автоматтандыру және нысаналы бағдарламаларды іске асыру жұмыс орындарының қауіпсіздігін арттыру, қауіпті жағдайлар мен зиянды факторларды жою

Қауіп индикаторы
Еңбек жағдайларын жақсарту

ҚАУІПТІ ӘРЕКЕТТЕР

Қауіпті мінез-құлықты, қызметкерлердің қателіктерін және бұзушылықтарды анықтау үшін заманауи цифрлық шешімдерді енгізу

Қауіп туралы ескерту
Қағидаларды сақтау

ҚАУІПТІ ОПЕРАЦИЯЛАР

Технологиялық операцияларды Автоматтандыру және технологиялық регламенттерден ауытқуларды анықтауға арналған цифрлық шешімдер

Қауіптілік регламенттерінің қатері туралы ескерту
Регламенттер мен нұсқаулықтарды сақтау

Кәсіпорындарда қауіпсіз, тиімді өндірісті қамтамасыз ету және жұмыс уақытын босқа жоғалтуды қысқарту үшін біз еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды мердігер ұйымдардың барлық жұмыскерлеріне таратамыз.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру үшін Компанияның құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік учаскелерде еңбек жағдайларын жедел талдауды, тәуекелдерді бағалауды және бөлімшелерге еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша жұмыста әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыратын бейінді департаменттер мен қызметтер қалыптастырылған.

COVID-19

Бүкіл әлемді қамтыған COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы, өкінішке орай, Қазақстанды айналып өткен жоқ, және елдің көптеген кәсіпорындарының, сондай-ақ мердігерлік ұйымдарды қоса алғанда жұмыс істейтіндердің жалпы саны 47 мыңнан астам адамды құрайтын «Қазақмыс» Тобы компаниялары кәсіпорындарының жұмыс ырғағын бұзды.

Қазақстан Республикасында Төтенше жағдай және шектеу шараларымен карантин режимі енгізілгеннен кейін «Қазақмыс» Тобы кәсіпорындарында жедел штабтардың үш деңгейлі жүйесі енгізілді, онда COVID-19 таралу қаупінің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жедел, орта мерзімді және ұзақ мерзімді іс-шаралар қаралады, барлық деңгейдегі басшылардың жауапкершілік аймақтары айқындалды, келесі іс-шаралармен Іс-әрекет жоспарлары бекітілді және енгізілді:

  • толық ауқымды алдын алу-профилактикалық және түсіндіру жұмыстары;
  • COVID-19 анықталған жағдайларда кәсіпорындарда жұқтыру ошақтарын оқшаулау бойынша шаралар;
  • қорғаныс маска-респираторларды, қолғаптарды, тері антисептиктерін сатып алу және пайдалану;
  • режимді күшейту, жуу дезинфекциялау құралдарын және ультракүлгін бактерицидті шамдарды қолданумен үй-жайларды дезинфекциялау;
  • жасанды интеллектпен тепловизорларды қолдана отырып, жұмысшылардың хал-жағдайын үнемі бақылау;
  • вахтаға келгенге дейін күнтізбелік 5 күн бұрын және вахтадан шыққанға дейін күнтізбелік 5 күн бұрын полимеразды тізбекті реакция (бұдан әрі - ПТР) әдісімен жұмыскерлерді COVID-19-ға тексеруге зертханалық диагностика жүргізіледі.

2021 жылға жоспарлар

Еңбек қорғау және өндірістік қауіпсіздік менеджменті жүйесі ұйымның тәуекелдерді басқару саласындағы стратегиясының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Компанияда еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың біріктірілген жүйесі жұмыс істейді. Тәуекелдерді жүйелі түрде басқару мақсатында біз басқару процестерін үздік халықаралық тәжірибелер мен стандарттарға сәйкес үнемі жетілдіріп отырамыз. 2021 жылы жұмыс орнындағы денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі бойынша жаңа стандарт болып табылатын ISO 45001:2018 стандартының талаптарына сәйкестікті сертификаттау процесі жоспарланған.

2021 жылы компанияда жұмыскерлерді қауіпсіздікті басқару практикалары мен құралдарына жаппай оқытуға және жұмыскерлердің кәсіби құзыреттерін арттыруға мүмкіндік беретін online оқытудың жаңа платформасы іске қосылады. Сыни кәсіптер үшін оқытудың жаңа бағдарламалары және еңбекті қорғау бойынша заманауи тренингтер әзірленетін болады. Жыл соңына қарай 6000-нан астам жұмыскер оқудан өтеді.

Ағымдағы жылы еңбекті қорғауды басқарудың барлық негізгі процестерін автоматтандыру жоспарланып отыр. Ол үшін заманауи ақпараттық жүйе мен мобильді платформаны енгізу жоспарланған, ол өндірістегі тәуекелдерді жедел басқаруға, қауіп-қатерлерді анықтауға мүмкіндік береді. Процестерді цифрландыру ӨҚ және ЕҚ басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын және технологиялық операциялардың орындалуын ауысым сайын бақылауға көшуге бағытталған.