13 Сәу 2023

Корпорация басшылары жұмыс сапарымен Жомарт кенішінде болды

«Жомарт» кенішіне жұмыс сапарымен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриев пен корпорацияның бас директоры Олег Копытов барды. Басшылар шахтаның жұмысымен және кеншілердің тұрмыстық жағдайымен танысты.

Image 2

«Жомарт» кеніші 2006 жылы пайдалануға берілді.  Онда жылына 3,6 млн тоннаны құрайтын мыс-сульфидті кенді жерасты игеру және өндіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда кеніште мыңнан астам жұмысшы еңбек етеді.

Бірінші кезекте Нұрахмет Нұриев пен Олег Копытов ӘТК, асхана, спорт алаңы мен жатақханаға барып, вахтамен жұмыс істейтіндердің тұрмыстық жағдайымен танысты. Басшылар шахтаның жаңартылған №2 магистральдық конвейерінің, су төгетін кешеннің, №5 ұсатқыштың жұмысын тамашалады. Сондай-ақ, №1 желдету оқпаны ауданында жаңа жөндеу пунктінің құрылысының барысымен танысты және кеніштің басқа да өнеркәсіптік нысандарын аралады.

Сапар қорытындысы бойынша басшылық мынадай шешімдер қабылдады: намазхана салу, жатақхананы жөндеу, N3 желдеткіш оқпанының негізгі желдету қондырғысын іске қосу бойынша жұмыстарды жеделдету, қызметкерлердің тамақтануын әртараптандыру және воркаутқа арналған спорт алаңын салу.

«Жомарт» кеніші қазақмыс басшылығы баруға жоспарлаған өндірістік нысандардың алғашқысы. 2023 жылдың шілдесіне дейін компанияның барлық шахталары мен кәсіпорындарына барып, онда қызметкерлермен кездесулер өтеді, онда ағымдағы мәселелер шешіліп, еңбек ұжымдарының ұсыныстары қаралады.

Image 2
Image 2

Новости по теме

Новости по теме

06 Jun 2023

«Kazakhmys Energy (Қазақмыс Энерджи)» ЖШС-не айыппұл салуға қатысты БАҚ-да тараған ақпарат жайында

06 Jun 2023

«Қазақмыс» өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жылдың көшбасшысы болып танылды

03 Jun 2023

«Алтын Гефест 2023» «Призвание» деректі циклі жеңіп алды

03 Jun 2023

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМДІЛІК АРАЛЫ

02 Jun 2023

Шынайы көңіл мен қамқорлық